Рымхан Смайылұлы «Семей полигоны» картинасы арқылы «Мәңгілік ел» болуға ұмтылған мемлекетті бейнеледі

353

Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайында 26 тамыз күні Суретшілер Одағының мүшесі Рымхан Смайылұлы Бейсекеновтың Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына орай жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Бұл  көрмеде орын алған үлкен туындысы «Семей полигоны» триптихі арқылы автордың ойы әсерлі беріліп, негізгі тақырып ашылған.
1991 жылы 29 тамызда жаһандық ядролық тарихта жаңа дәуір басталды. Семей полигонын жабу және ядролық қарудан бас тарту Тәуелсіз Қазақстанның адамзатқа берген алғашқы игілігі болды. Көрме авторы да Семей полигоны зардабын бастан кешкен. Негізгі тақырып арқылы «ядролық қаруға» тыйым салған, халықты бейбіт өмірге ұмтылдырған мемлекетті бейнеледі.
Көрменің ашылу салтанатында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев құттықтау сөз сөйлеп, Р.Бейсекеновты алғыс хатпен марапаттады. Суретшілер Одағының мүшесі С.Қасымханов жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, авторды көрменің ашылуымен құттықтады. Шараға мәдениет мекемелерінің қызметкерлері және автордың жақындары қатысты.

13698122_1087057118054975_5376177514321912696_o

Рымхан Смайылұлы 1960 жылы Алматы қаласындағы көркемсурет училищиесін бітірген. Оны тәмәмдаған соң Омбы қаласындағы Педагогикалық институтының «бейнелеу өнер» факультетін аяқтайды. Кескіндеме және графика жанрында туындылары бар шебер өнер иесі.

Дереккөзі: Абайдың Мемлекеттік Қорық-мұражайы

 Patrick Omameh Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз