Ядролық қаруды таратпау мақсатында 1992 жылы құрылған халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың штаб-пәтерi Қазақстанға көшiрiлді. Орталық қазiргi уақытта Назарбаев Университетiнiң ғимаратында орналасқан. Келiсiмге сәйкес ұйымның негiзгi мiндетi жаппай жою қаруы саласындағы ғалымдар мен инженерлерге өз бiлiмiн бейбiт мақсатқа пайдалануға мүмкiндiк беру болып отыр. Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Келiсiмге сәйкес Қазақстан орталыққа қызметтiк орын-жай бередi, сонымен қатар осы орын-жайға қызмет көрсетудi, коммуналдық және күзет қызметтерiн төлеудi қамтамасыз етедi. Орталық қызметiн жалғастыру туралы келiсiм әлi күнге дейiн ратификацияланбаған. Дегенмен, бұл орталық қазiргi уақытта Назарбаев Университетiнiң ғимаратында тегiн орналасқан. Шығындарды Назарбаев Университетi төлеп отыр. Жылына 18 млн теңге жұмсалады. Қазiргi кезде министрлiк Астана ЭКСПО-2017 компаниясымен және Астана қаржы орталығымен бiрлесiп, орталықтың штаб-пәтерiн көрме өткен соң ЭКСПО ғимаратының бiрiне орналастыру мәселесiн қарастыруда», – деп баяндады ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Келiсiмге сәйкес орталықтың негiзгi мiндетi – жаппай жою қаруы саласындағы ғалымдар мен инженерлерге өз бiлiмiн бейбiт мақсатқа пайдалануға мүмкiндiк беру. Орталық қызметiн екi бағыт бойынша iске асырады – ғылыми-техникалық жобаларға грант бөлу және конференция, семинар өткiзу. Әр жоба бойынша орталық бөлетiн грант ғылыми ұйымның сұраған сомасына байланысты. Әр жоба бойынша орташа сома – 100 мыңнан 600 мың АҚШ долларына дейiн болады. Жобалардың жалпы ұзақтығы 2-3 жыл. Өткен 20 жылдың iшiнде Қазақстанның ғалымдарына орталық бөлген гранттар көлемi – 75 млн долларды немесе гранттардың жалпы сомасының 13 пайызын құрады. Осы кезеңде 206 грант 5 мыңдай қазақстандық ғалымға бөлiнген.
«Орталық ұсынған ғылыми бағыттар – биотехнология, экология, ядролық реакторлар, материалтану, химия және физика. Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан ғалымдарына орталық ең көп грант – 1,5 млн доллар бөлдi. 2014 жылғы жалпы қаржыландыру көлемiнен 45 пайыз алдық. Ендi 2015-2016 жылдарға Қазақстанға қаржы бөлiнген жоқ. Ратификациялау қажет болып тұр. Қазiргi уақытта қазақстандық тапсырылған жобалардың саны 50 пайызды құрады. Ендi ғалымдар жұмыс iстеуге дайын», – дедi министр.
Қаржыландыру процесi үш кезеңде өтедi. Ең алдымен, тапсырылған қазақстандық жобалар өзiмiздiң ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесте қаралады. Аталған кеңестiң құрамына қазақстандық мемлекеттiк және тиiстi органдардың өкiлдерi кiредi. Барлығы – 11 адам. Сол кеңестi министрлiк өзi басқарып отыр. Екiншi кезеңде таңдалған жобалар орталықтың ғылыми-техникалық комитетiне ұсынылады.
«Онда дауыс беретiн қазақстандық бiр ғалым болады. Екiншi кезеңнен өткен жобалар орталықтың басқарушылық кеңесiне қарауға түседi. Бес дауыстың iшiнде бiздiң бiр дауысымыз болады. Келiсiм ратификациядан өткенше дейiн Қазақстанның екiншi-үшiншi кезеңде дауыс беруге құқығы жоқ», – дедi Е.Сағадиев.
Barkevious Mingo Authentic Jersey