Бүгін, яғни 30-қыркүйек күні Астана қаласының Алматы аудандық сотында Бердібек Сапарбаевтың Айдын Егеубаевқа қарсы моральдық шығын талап ету туралы арызына байланысты алдын ала дайындық жұмыстары аяқталып, негізгі сот талқылауы 19 қазан күні сағат 10.00-ге белгіленді.
Сот отырысы ашық, оған кез-келген адам тыңдаушы ретінде қатыса алады.
Сонымен бірге судья Бағдагүл Бияхметова сот талқылауына журналистердің, блогерлердің қатысуына және еркін видео жазба жүргізуіне рұқсат берді.
Сот отырысына іске тікелей қатысы бар ШҚО Үржар ауданын 2007-2013 жылдары басқарған, бүгінде зейнеткер, Алматы қаласында тұратын, Бауыржан Торғайбекұлы Жанақовты, «БәтуаЖШС жер учаскелерін екіге бөлу туралы бұйрыққа қол қойған Үржар ауданының жер қатынастар бөлімін 2009-2012 жылдары басқарған, қазір Семей қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқаратын, ШҚО Семей қаласында тұратын, Құдайберген Мұхамадиұлы Сейльхановты, «БәтуаЖШС 91 432 гектар жерді жалға беру туралы хаттамаға қол қойған 2012 жылы Үржар ауданы жер комиссиясының төрағасы болған, бүгінде Үржар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқаратын ШҚО Үржар ауданында тұратын, Жарқынбек Борашұлы Байсабыровты, Алматы қаласында тұратын, «Бәтуа» ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Нуриевич Биядиловты куә ретінде шақырып отырмыз.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 81-бабының 1-тармағы бойынша куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақтар беруге міндетті. Осы баптың 2- тармағы бойыншаегер куә ауруының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның болған жерінде жауап алуы мүмкін.
Ал аты аталған Бауыржан Жанақовтың, Құдайберген Сейльхановтың, Жарқынбек Байсабыровтың және Нұрлан Биядиловтың сотқа өздерінің келмеуіне дәлелді себептері жоқ деп есептеймін. Себебі, олардың денсаулықтары жақсы, мүгедектігі жоқ, сотқа өздері келіп куәлік етуге толықтай қабілеті де, денсаулығы да, мүмкіндігі де, материалдық жағдайы да жетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 81-бабының 1-тармағы бойынша олар сотқа өздерінің келуін қамтамасыз ету және егер олар сотқа өздері келіп, куәгерлік түсінік бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 197-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертуді судьядан сұрадық.
Қалған ақпараттарды қосымша жариялап отырамыз. Себебі бұл сот тек Бердібек Сапарбаев пен Айдын Егеубаевтың жеке бастарына емес, қазақ жерінің қытай компанияларының иелігіне өту немесе өтпеуіне де қатысты. Johnny Townsend Jersey