«ҚазМұнайГаз» АИ-92 бензинін қолма-қол ақшамен сатпай жатыр

370

2c10c3ed64e8844b14c749bbd2ec0cf5«ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сатпай жатыр.

«ҚазМұнайГаз» анықтама бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі уақытта АИ-92 маркалы бензин тек клуб картасы немесе талоны бар клиенттерге сатылып жатыр. «Клиентте карта немесе талон болса, ол еш қиындықсыз жанармайын құйып алады. Дәл қазір біз АИ-92 маркалы бензинін қолма-қол ақшамен сата алмаймыз. Кейбір жерлерде АИ-92 қолма-қол ақшаға сатылып жатыр. Бірақ онда тек 10 немесе 20 литр жанармай құюға болады», – деді компанияның анықтама бөліміндегілер.

Сондай-ақ, олар «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттеріне қысқы дизель отыны келмегенін айтты. Қысқы дизель отыны әзірше тек Астанада, Алматыда және Павлодарда бар екен.

kaz.tengrinews.kz

 Niles Paul Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз