Ол кітабында Президент бүй деген: «Бұған дейін де бұл қаланы қалай атау туралы сөз көп болды. Түрлі ұсыныстар айтылды. Қаланы елдің атымен Қазақстан деп атау жөнінде, басқа да, соның ішінде Нұрсұлтан деп атау керек деген де ұсыныстар болды. Бұл қала, Қазақстанның жаңа астанасы менің мақтанышым еді, сондықтан оның атауын сан құбылтуға жол бере алмайтын едім. Онда Ақмоланы қалай атаған, дәл айтқанда қалай деп қайта атаған жөн? Ол атау қазақстандықтардың, еліміздің барша ұлты мен ұлысының ғана емес, кірпияз шетелдіктердің де көңілінен шығуы керек. Мүмкін Қараөткел дерміз? Алматы өзімен бір аттас Алматы шатқалының атымен аталған ғой. Әлде Есіл ме? Сарыарқа ма? Бірақ көкейге қонар емес. Өзіміздің дәстүрлі, қалаулы, бірақ тым ескі атауларымыз бүгінгі астананы көшірумен және Қазақстанда жүріп жатқан басқа да зор өзгерістермен байланысты жалпы көңіл ауанына жауап бере алмай тұрғандығынан болар. Шынын айтқанда, астананың атын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, ат іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде бір жолы…Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені. Астана дегеніміз астана! Қазақша әдемі естіледі. Қомақты, ауыз толады, қысқа да нұсқа, әуезді. Орысша да, ағылшынша да солай естіледі. Бұл атауда батылдық, мығымдық және айқындық реңк бар. Астана! Сөйтіп, түн ортасында келген ой Қазақстан астанасының жаңа атауы Астана көкейге біржолата ұялады. Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға айналды».
Ернұр Ақанбайдың ФБ парақшасынан алынды.
Michael Gallup Authentic Jersey