Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петерборда Әлихан Бөкейханұлының ескерткіш мүсінінің ашылуына қатысады, деп хабарлады ҚазАқпаратқа палата Аппаратының баспасөз қызметінен. Салтанатты шара Таврический сарайында ТМД ПАА штаб-пәтерінде өтеді. Осында 24-25 қарашада ТМД ПАА және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шаралары өтетіні жоспарланған. Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған мәжілісмендер сондай-ақ, ТМД ПАА 45-ші пленарлық отырысына қатысады. Онда әлеуметтік үлгідегі заңдар топтамасы талқыға түспек. Сондай-ақ, қауіпсіздік, соның ішінде, экстремизм мен терроризм мәселелері де назардан тыс қалмайды. Сапар аясында Нұрлан Нығматулиннің ҰҚШҰ ПА жиынында сөз сөйлеуі және Әзербайжан, Қырғызстан, Ресейден келген әріптестерімен екіжақты кездесулер жоспарланған.
Басты бет МҰҚАБА