Әміржан Әлпейісов. 1954-жылы туған. Тарихшы, көсемсөзші, жазушы.
Жетпісінші жылдары «Сары Арқа » студенттік ұйымының мүшесі, сол кезде бұл ұйым мүшелеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған болатын. 1986-жылғы желтоқсанда «бүлікке» қатысы бар деген күдікпен тағы да қамауға алынады.
Кейінгі кезде Алматыдан өзінің «тарихи отанына » – Ақмолаға көшіп барды…
* * *
Диссидент мырза редакцияға құжат алып келді. Онымен танысқан кезде, өздері қойған қолдың үстінен ҰҚК-нің дөңгелек мөрін басуға қүқылары бар прокурорлар мен кеңесшілерге еріксіз күлкің келеді екен.
…Айтпақшы, ол кезде – МҚК еді ғой.
Ол кезде – бұл 1992-жылы, Қазақстан егемендігі мен тәуелсіздігіне енді қол жеткізіп жатқан болатын – мүндай «қылмыстық істі тоқтату туралы анықтама-қаулылардың қандайын жасатып аламын десең де мүмкіндік болған шығар-ау. Барлық «диссиденттердің», «ұлтшылдардың», «жалған патриоттардың»… тағы қайсылары бар еді… бәрінің де көңілін табу қажет болатын. Маңыздысы – бұлардың бәрі бір ғана баппен айыпталғандығы. Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 170-1 бабы, «Кеңеске қарсы әрекет».
Сөз сізде, диссидент мырза…
– 1972-жылы біз 17-18 жаста едік. «Біз» дегенім – ҚазМу- дың студенттері, «Сары Арқа» ұйымының мүшелері. Ұлы дала, алтын дала, сары дала… әрқайсысымыз бұл атауға өзімізше, ерекше мағына беруге тырыстық. Ал бұл ұйымда қазақтың әдеби тілімен сөйлейтін жалғыз мен ғана едім (ондай кез де болған). Қалғандары нағыз «асфальтта өскен қазақтар» болса да, олардың «ұлтшылдығы менен де артық болатын. Тіпті өзіміздің «Қазақ халқына үндеуімізді» де орыс тілінде жаздық.
«Қылмыстық істі қысқарту » негізіне өзгеріс енгізу туралы » қаулыдан.
«1973 жылғы 3 қаңтарда Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік театрының көрермендер залында іспектәкіл басталған кезде белгісіз біреу көрермендер арасына «Сары Арқа» ұйымының атынан «Қазақ халқына үндеу» деп аталатын үнпарақтарды таратады.
Үнпарақта ұлттық бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында қазақ тіліндегі оқулықтардың жетіспейтіндігінен ұлттық кадрларды даярлау қажетті деңгейде емес екендігі айтылады, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға шақыру, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға үндеу тасталған. Үнпарақтардың бәрі орыс тіліндегі басу машинкасында басылған…»
Біз сондай аңқау екенбіз. Өзімізше «Үндеуді,» машинкаға басуды керемет ойлап тапқан қулығымыз деп ойлаппыз! Ешкім білмейді, ешкімді таба алмайды дегендей… Тапқанда қандай. Тез-ақ тапты. Кейін білгеніміздей, ол кезде барлық жазу машинкалары МҚК-нің тіркеуінде тұрады екен.
«… Қаулыдан».
Аталған топ басқа еш әрекет жасаған жоқ».
-Бүгін, 25 жыл өткенде, бізді сол үшін қудалағаны, түтқындағаны тіпті күлкілі сияқты… Ал бізді бұл үшін 1977 жылы ғана түтқынға алып, кінә тақты – ал бұл кезде «Сары Арқа» тарап та кеткен-ді. Сонда да бізді жауап алуға шақырумен болды, мен жұмыс істеуге Ақмолаға кеттім, онда да тыныштық бермеді. Барлық хаттарым мен фотосуреттерімді жиып алды – менде студенттік жылдардан бір де сурет қалмады. Оларды кейін қайтарды ғой деймісіз? МҚК қашан мұндай ұсақ-түйекке мән беріпті? Ең қызығы, оларда ешқандай куәлары жоқ, біздің «кінәмізді дәлелдейтін ешқандай құжат та жоқ, тек… өзіміздің шын жүректен мойындауымыз ғана бар. Біз өзіміздің егемен, тәуелсіз Қазақстан жайлы, туған қазақ тіліміздің тиісті құқығын қалпына келтіру туралы арманымызды «мойындадық». Тіпті, қазір бұл сондай күлкілі естіледі, біз өзімізге тән жеке коммунистік партиямызды құру мәселесін қойдық.
– «Сары Арқа» неге тарап кетті?
– Оның объективті де, субъективті де себептері көп. «Тілдік кедергіден» бастап – бізге Шымкенттен балалар келген кезде маған тілмәштік жасауға тура келетін – ақырында уақытқа шейін. Заманымызға деймін. Ол кез тоқырау мен МҚК-нің зар күшіндегі кез екенін ұмытпа.
Қазір мен өз тобымыз туралы ғана айтып отырмын, бірақ біз сияқты «ұлтшылдардың» көп болғанын анық білемін.
Қарағандыда, Шымкентте, Бішкекте… ҚазМУ-де де тағы бір топ болды – бізден ересектеу болатын, олардың жетекшісі кейін қайтыс болды… Алайда бұл топтар бір-бірінен дара жұмыс істеді. Біртұтас мақсатқа біріге алмаған жеке-дара ұйымдар еді…
– Егер біріге алғанда, 1986-жылғы желтоқсан оқиғасы он жылдай бұрынырақ болар ма еді?
– 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы – аяқ асты көтерілген толқын. Ұзақ жылдар бойы сыздап келген іріңді жара бір күні осылай жарылар еді. Ал біздің әрекетіміз ойластырылып жасалған болатын. Алдын ала жоспарланған әрекет.
– Бұл «аяқ асты толқын» сіздерді, мен айтар ем, «доғарыстағы диссиденттерді» де жанап отті ғой.
– Ол кезде мен Ақмолада болатынмын. Кандидаттық диссертациямды қорғауға барғанмын. Алматыға желтоқсан оқиғасының екінші күні ғана келдім. Бірден қамауға алындым. Тағы да бір апта тергеу: қатысым бар ма? Диссидент достарым қайда жүр? 17 желтоқсан күні қайда болдым? Және де – бізді, оларша «идеялық дем берушілерді», неге екені белгісіз, өзіміздің үндеместер емес, мәскеуліктер тергеуге алды. Қазіргі «Достық» конақүйінде. Менің 17 желтоқсанда Ақмолада болғаным жайлы анықталысымен-ақ босатып жіберді. Бірақ МҚК-ның желкемдегі тынысымен беріге, 1992-жылға дейін сезінумен келдім… Ал мына, сен езу тартпай оқу мүмкін емес деген сырғытпа жауап қағазды, аяғында 1992-жыл жазулы тұрғанымен, қолыма осы биыл ғана берді. Оның өзін ҰҚК жаңа төрағасына, Бас прокурорға өтініш жазу арқылы ғана алдым…
– Ал ол сізге неге керек еді? 25 жылдан кейін…
– Керек. Бүгінгі біздің әңгімеміз де керек. Алпысыншы, жетпісінші жылдары да біз өз әлімізше Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескенімізді жұрт білсе екен деймін. Новочеркасскідегі жағдайдан да қорқынышты Теміртау оқиғасы болды. Комсомол жолдамасымен жарқын болашақ қүру үшін барған адамдар жағдайы жан төзгісіз болғандықтан талап қойып еді, өкімет азаматтарға қарсы қару қолданды.. 1979-жылы Ақмолада (Целинофад) Ерейментау оқиғасы болды. Онда Неміс автономиясын қүруға тіпті кадрларына дейін даярланып қойылған екен. Студенттер «Қазақстан бөлінбейді!» деген ұран көтеріп шеруге шықты, оларға ардагерлер қосылды… Сабыр Біләлұлы Ниязбеков деген есім Ақмолада ғана емес, басқа жерлерге де белгілі. Сол сияқты адамдардың арқасында ғана Қазақстан шенеуніктердің ойсыз әрекетінен аман қалды.
…Алпысыншы жылдардағы қазақ өнеріндегі өрлеу ұлттық сананың өсуіне өз әсерін тигізді. Музыкада бұл ең алдымен Шәмші Қалдаяқовтың әндері, біздің алғашқы «Дос-Мұқасан», «Айгүл» ансамбльдеріміз. Ал әдебиетте бұл тыйым салынған екі кітап: Олжас Сүлейменовтың «АзиЯ»-сы мен Мұрат Әуезов редакциясындағы «Көшпенділер және эстетика». «АзиЯ»-ның біршама жолы болды, атышулы алғашқы таралымы оқырмандар қолына тиіп үлгірді. Ал «Көшпенділер,, таралымы қамауға алынып, бірден жойылып жіберілді… Ал Әуезов сол кезде жұмыссыз қалды…
– Ал бүгін сіз кімсіз, диссидент мырза? Бәз баяғыша оппозиңионермісіз?
– Мен… мен «Қазақстан» деп аталатын мықты әрі бақытты елді жақтаймын. Мемлекеттік саясат жағындамын. Мемлекеттік идеология жағындамын. Өйткені оңшылдар да, солшылдар да бірігу үстінде және Одақты қалпына келтіру керек, президент пен оның командасы алдарына қойған міндеттерін орындай алмайды деген сөздер айтылуда… Осыны естігенде менің ішім мұздап кетеді: мен тәуелсіздігімізді жоғалтып аламыз ба деп қорқамын. Онда не болмақ?
– Тағы «Сары Арқа»?
– Өкінішке орай, меніңше, қазіргі жастардың бойында 17 жасымызда бізде болған қасиеттер жоқ сияқты. Біздің патриотизміміз жоқ оларда. Біз күрестік, біз сүйе білдік, біз сене білдік. Біз Қазақстанның тәуелсіздік алуы жолында бәріне де даяр едік. Ал бүгінгі құндылықтар басқаша, шынымды айтсам, мен қорқамын…
Қазақшалаған – Әсия Орынбаева,
«Казахстанская правда», 14.11.1997 ж.
*Азаттық аңсағандар/Деректі шығармалар жинағы, 2006 ж. /Түпнұсқа тақырып: «Қазақ диссиденті: 25 жылдан кейін».
*Әміржан Әлпейісов 7 кітап, 4 оқу құралы және жүзге тарта ғылыми-публицистикалық мақалалар мен материалдардың авторы. «Сурок-беглец», «Жас тұлпар дүбiрi», «Азаттық аңсаған Сарыарқа», «Ностальгия», «Күз» атты әңгімелер жинағында Әміржан Әлпейісов мұрағат материалдарын пайдаланып, қазақ зиялы қауымының өткені, бүгіні, болашақтағы сабақтастығы идеясын көтерген. Сонымен қатар, қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен іске асып жатқан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған халықты әлеуметтік қолдау мақсатындағы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының жетекшісі.