Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылғы ең үздік оқушы анықталды. Ол арнайы кубокпен және облыс әкімінің жүлдесімен марапатталды. Бұл туралы KATEV қоры хабарлады.
Республикалық пән олимпиадасының 3 мәрте алтын медаль иегері, А.Бектұров атындағы Халықаралық пән олимпиадасының 2 мәрте жеңімпазы, «Үздік теоретик» номинациясының иегері, Арменияда өткен Халықаралық 49-Менделеев олимпиадасының қола медаль иегері, Әзірбайжанда өткен 47-Халықаралық (IchO) олимпиадасының күміс медаль иегері, Ресейде өткен Халықаралық 50-Менделеев олимпиадасының күміс медаль иегері, Грузияда өткен 48-Халықаралық (IchO) олимпиадасының күміс медаль иегері Семей білім-инновация лицейінің (ҚТЛ) оқушысы Смағұлов Азамат Шығыс Қазақстан облысының «Үздік жыл оқушысы – 2016» номинациясын иеленіп, кубокпен марапатталды және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бағалы сыйлығына ие болды.
Жаратылыстану пәндерінің ішіндегі ең күрделісі химия пәніне қызығушылығы оянып, талабы мен ізденісінің арқасында Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі атану мәртебесіне ие болған Азамат Корея елінің Юнист университетіне оқуға түсті. Shane Lechler Jersey