Қазақстан мен Израиль Алматыда зауыт салады

255

Қазақстан және Израиль Алматы облысында тамақ өнімдерін шығару зауытын салмақ, деп хабарлады Израиль – Қазақстан екі тарапты сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы Михаель Роэ журналистерге берген сұхбатында.

«Біз Қазақстан және Израиль алғашқы зауытының құрылысын күтудеміз, оның экспорты Қытайға бағытталатын болады. Барлық өнім экспортқа бағытталып, ол 10 млн долларға жуық құрайды. Зауыт Алматы облысында салынады. Зауыттың құрылысында израильдік технологиялар, Қазақстанның шикізаты қолданылады, инвестициялар бизнес тараптар арасында бөлінген. Нарық Қытайдан тапсырыс берушілермен 5 жылға қамтамасыз етіліп қойған. Зауыт тамақ өнімдерін шығаратын болады», – деп хабарлады М. Роэ.

Палата төрағасының деректері бойынша, зауыт Қытай Қазақстаннан құс етінің экспорты бойынша шектеулерді алғаннан кейін 10-12 ай өткен соң ашылады.

naryk.kz DJ Moore Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз