Қасқыр мен Адам

629
http://media.filmz.ru/

Жолыққанның шығаратын додасын
Жортқан көкжал –
Қасқырдың шын дадасы
Көлеңкелі көк орманда
Кенеттен
Көріп қалды жүрген ұлды адасып.

Жаман еді жыртқыштардың ырымы,
Жұбатқандай болды бірақ ырылы.
Тұрып-тұрып,
Түк істемей балаға
Түстік жаққа кете барды бұрылып.

Өң бе?
Түс пе?
Сезбей қалды жетесі,
Солқ еткендей болды бір сəт шекесі :
Аяп еді ол балдырғанды ,
Аямай
Атып салды келіп қалған əкесі !

Қадыр Мырза Әли

filmz.ru
 John Jerry Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз