Махаббат пен шығармашылық

357

 

Махаббат пен шығармашылықСемей қаласының орталық  кітапхана  «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты маманмен кездесу кеші өткізілді. Шараға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің психология кафедрасының оқытушылары Мазтаева Ләззат Серікқызы,  Рапикова Сандуғаш Әнуарбекқызы және қаламыздағы колледждер мен мектеп мұғалімдері, Қайнар және Көп салалы колледжінің студенттері қатысты.

Шара барысында кітапхана қызметкері «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани-адамгершілік тәрбиесіне және білім берудің дамуына қосқан үлесі туралы айтып өтті. Сонымен қатар жас ұрпақтың жүрегіндегі  өмірге, ата-анасына деген  ізгілік қасиеттерді бойына сіңіріп, «Өзін-өзі тану» әлемінің және өзін қоршаған орта үйлесімділігімен  өмір сүруге баулу керектігін жеткізді.

Шараны жалғастырған психология кафедрасының оқытушылары Л.С.Мазтаева мен С.Ә.Рапикова оқырман қауымға өзін-өзі тану пәні арқылы тек өзі туралы біліп қана қою емес, өз-өзіне сенімділікке, адамдар арасында өз орнын тауып, өзін тұлға ретінде сезінуге  тәрбиелеу ең басты мақсатымыз деп атап өтті.

«Өзін-өзі тану нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән», – деп №34 орта мектептің бастауыш сынып ұстаздары Г.Б.Байжулданова мен Л.Т.Оразаева өз ойларын ортаға сала отырып, сабақ барысында қолданылатын  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылармен тренинг өткізіп, аталған пәннің қызықты өткізілуі әдіс-тәсілдерді қолданатын мұғалімнің шеберлігінде екендігін атап өтті.

Оқырман қауым ұйымдастырылған тренингтерге белсенділік таныта қатысып, кеш соңында  «Көңіл-күй» ағашына кештен алған әсерлерін білдіріп, бір-біріне деген тілектерін жазып  ілді.

Шара соңында «Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

  Sam Shields Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз