Желідегі жүйрік ой белгілі журналист Жолымбет Мәкіштің ФБ парақшасында жарияланған қазақ есімдерінің құпиясы турасында болмақ. Парақша иесі ФБ оқырмандарына төмендегідей жұмбақ жасырған:
«Қазақ есімдері Қырықбай, Елубай, Алпысбай деп кете береді де, Отызбай, Жиырмабай дейтіндерін көрмейсің. Неге қырықтан бастағаны қызық. Ал Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп неліктен атағанын білеміз ғой. Оларды әкелері сол жасқа келгенде таптырған…. Бұлар да қазір жоғалып кетті, «қызыл кітапқа» кірген құстар құсап)))»
Рас-ау. Неге? Мүмкін бұл туралы қазақ есімдерінің энциклопедиясынан қарауға болар. Ал, өзімнің пайымдауымша, тек «Қырықбай» есімі бойынша айтар болжамым: әулеттің бір мүшесінің қырқын беретін күні дүниеге келген сәбиге Қырықбай деген есім берген болуы мүмкін. Немесе сәби шетінеп кетпесін деп Қырықбай қоюы да мүмкін («сәби қырық күнге дейін періште, қырық күннен соң пенде» деп апам айтып отыратын).
Ал, Сіз не дейсіз? Пікіріңізді төменге жазыңыз…