Білім беру жүйесіндегі реформалардың маңыздылығын халық әлі түсінбей отыр. Ал жастар ағылшын тілін білмесе, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан осы салада түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.
Сонымен қатар, тілді меңгерудің ұлт болашағы үшін маңыздылығын баса айтты.
«Ағылшын тілінің керегі не?» дегендердің барлығы қазаққа қарсы жұмыс істейтін адамдар. «Ертеңіміз болмасын» деген азаматтар. Біз жалғыз емеспіз. 1,5 млрд-тан астам халқы бар Үндістан тәуелсіздік алған кезде барлығы хинди тіліне көшкен болатын. Олар 4 жылдан кейін қайтадан ағылшын тіліне көшті. Малайзия мемлекеті де солай істеді. Себебі, дүниедегі барлық ғылым, жаңалық ағылшын тілінде болып жатыр. Қайтеміз енді? Жастарымыз, балаларымыз ағылшын тілін білмесе, Қазақстанның болашағына кедергі болады. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп түйіндеді сөзін Елбасы. Will Hernandez Jersey
Тіл елді бұзады, тіл білген адам басқа адамға тұрмысқа шығып жатыр.
Ағылшын тілін ,небасқа шет тілді зорлаб оқытқанша ір өз анатілімізді басқаларға неге оқытпаймыз неге қазақ тілін ағылшын тілінен кем санаймыз .Шетелден келгендер оқып сөйлеп жүр емеспе неге біз дер солай істемейміз . Қаншама қаражатты босқа щашпай.
Ағылшын тілін оқытса оқытсын Орыс тілін алып тастасын
Қазақ тілін қолдамағандар қазақша сөйлемейтіндер, Қазақтың жауы деп қашан айтады екен?