ІТ саласына айрықша көңіл бөлінбек

302
primeminister.kz

Цифрлық индустрияны дамыту барлық өзге салалардың қоса дамуына зор ықпал ететіні белгілі.  Бұл туралы Елбасы Үкіметке бірқатар тапсырмалар да берген еді. Сол орайда бизнес қауымдастық өкілдері отандық цифрлық индустрияны дамыту турасында өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, түйіткілді мәселелерді тізген еді.

Атап айтсақ, бүгінде ІТ (ақпараттық технология) мамандарын  мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету мәселелері; ІТ-стартаптардың инновациялық гранттарын бөлу; салық жеңілдіктері мен артықшылықтарын ұсыну; МЖӘ тетіктерін жетілдіру; электрондық коммерцияны ынталандыру; отандық мамандарды даярлау мәселелері толғандырады.

Отандық ІТ саланы дамыту мәселелерін  ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев та «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА мен Назарбаев Университетін аралауы барысында талқыланған болатын.

Демек, ІТ саласына айрықша көңіл бөлінбек. Біздің заман – компьютер заманы. Егемен еліміздің еңсесі тіктеліп, іргеміз ыдырамай, болашаққа бекем қадам жасай берсек, анау Жапонияның IT жаңалықтарын әлі-ақ шаң қаптырып кетерімізге сенімді болайық.

«Жерұйық» порталы

 Shane Lechler Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз