Көлік кептелісінен көш бастап тұрған елдер

301

INRIX компаниясы әлемдегі кептелісі көп қалаларды анықтады.

Ең көп кептеліс болатын қалалар тізімін Лос-Анжелес бастап тұр. Бұл шаһардың тұрғындары былтыр кептелісте 104 сағатын өткізген. Екінші орында Мәскеу екен. Ресей астанасындағы жүргізушілер өткен жылы кептелісте 91 сағат тұрған. Ал, үшінші орынды Нью-Йорк еншілепті. Бұл мегаполистің жүргізушілері кептелісте 89 сағат тұрған.

Одан кейінгі орындарда Сан-Франциско жүргізушілері 83 сағат және Богото жүргізушілері 80 сағат уақытын жолға жұмсаған. Алтыншы орында бразилияның Сан-Пауло қаласы 77 сағатпен тізімге ілігіпті.

Кептелісі көп елдердің қатарында Таиланд бар. Онда жүргізушілер 61 сағатын кептеліске жұмсаса, колумбиялықтар 47 сағат, индонезиялықтар 38 сағатын кептелісте өткізген. Jamar Taylor Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз