Үш жүздің сыны

477

Үш жүздің сыны

 

¥лы жүзді қауға беріп малға қой.

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой.

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

Ұлы жүз – шаруа, кіші жүз – жауынгер, орта жүз – бітімшіл би деген сөз. Орта жүзді қамшы беріп дауға қой дегеннің мәнісі – бұрынғы күнде дауласып биге келген екі адамның келісімен би қамшыларын алады екен. Онан соң ол адамдар басқа биге бітімге бара алмайды екен. Алдына барып қамшыңды берсең орта жүздің биі бітірмей жібермейді деген сөз ғой.

3-Л молдадан естідім.

Ж.

Қай жүз көп?

Әулиеата үйезінде Дулат руының бір қартынан қазақтың қай жүзі көп деп сұрағанымда берген жауабы:

«¥лы жүз аттың төбеліндей, Орта жүз аттың жалындай, Кіші жүз аттың түгіндей» деген бұрынғыдан қалған бір нақыл сөз бар. Бұған қарағанда қазақтың ең көбі – кіші жүз, ең азы – ұлы жүз болса керек.

Тілеке

 «Алаш көсемсөзі» 5-том

 Tank Carradine Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз