Ұшақтар соқтығысып 2 адам өлім құшты

385

Ұшақтар соқтығысып 2 адам өлім құшты

АҚШ-тың Флорида штатында бірмоторлы екі ұшақ әуеде соқтығысып, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы The Daytona Beach News-Journal басылымы хабарлайды.

Оқиға Эджуотер қаласының маңындағы орманды мекеннің үстінде болған. Куәгердің бірі ол аспаннан бірнеше шағын ұшақты көргенін және олардың бірі екіншісін қанатымен қағып кеткенін айтады. АҚШ-тың Федералды авиациялық басқармасы ұшақтардың бірінің моделі Cessna 170 болса, екінші әуе көлігінің қолдан жасалғанын хабарлады. Қазір аталған оқиғаға байланысты тергеу ісі басталды.

дерек көзі:  www.24.kz

 M.J. Stewart Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз