Низамхандар бізде неге жоқ?!

539

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан:

– Қабылдауға Низамхан Сүлейменов деген кәсіпкер азамат келді. Құрметті құрылысшы екен. Құрылыс материалдарын шығаратын зауыты мен құрылыс компаниясы бар, – дей келіп, оның басқа құрылысшылардан ерекшелігі – он жылдан бері қаржысын білім саласына салып келе жатқандығын айтыпты.

Бүгінге дейін 3 мектеп және 8 балабақша салған Низамхан тағы бір мектеп салғысы келеді екен.

Низамханның мектептерінде балалар тегін оқиды. Мұғалімдердің сауаттысын іздеп жүріп таңдап алады. Бұларда пара беру мен алу деген атымен жоқ. Кірерде мұғалімдер тестен өтеді, сосын барып мұғалімдерді жұмысқа алады, апта сайын мұғалімдердің біліктілігін көтеруге уақыт бөліп, оқытып, соңында тестілеп отырады.

Осы ақпаратты оқып отырып, біздің Шығыс Қазақстан облысында Низамхандар неге жоқ деген сауал кесе-көлденеңдеп алдымыздан шыға берді…

«Жерұйық» ақпараттық порталы.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз