Б. Момышұлының достарына жазған хаттарынан үзінді

233

АҚЫЛЫМ ЕНДІ ҒАНА КІРЕ БАСТАҒАНДАЙ…
Мен ержеттім. Қызмет-жұмыс істеу жағынан адам қатарына қосылдым.
Еңбек! Еңбекті мен қара жұмыстан бастадым: қора сыпырдым, қой бақтым, қос айдадым, пішен шаптым… Мұғалім болдым, ауком болдым, райком болдым… Екі жыл жер тепкілеп, ефрейтордан таяқ жеген солдаттың бірі болдым… Мерген болдым, шабандоздықтан бірінші қатардағылардың біреуі болдым. Кейде аш, кейде жалаңаш та болу жағдайларын басынан өткіздім… Он жыл бойы оқыдым, оқыттым. Офицер болдым. Қатарымнан қалғаным жоқ. Қатардан қалмау маған оңайға түсті деп айтуға аузым бармайды. Еш нәрсе маған оңайға түскен жоқ.
«Жігіттер, араз арзан, достық қымбат» деп қазақ бекер айтқан емес. Араздастым да, достастым да. Қателестім де, адастым да. Қаталарымды түзеуге өзімнен бұрын достарым көмектесті. Адасқанымда ақ жолға – ұстаздарым салып отырды. «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады» дегендейін, таяқты алдымен әкемнен, ұстаздарымнан, достарымнан жедім.
Олар мені жаман болсын деп ұрыспағандарына жаңа ғана түсініп келе жатқаныма қарағанда – енді ғана ақылым кіріп келе жатқанына көзім жетіп келеді.
Жалғыз ой түбінде отырғанда – өзімді қиналап, ұстаздарыма рахмет айту күн асқан сайын әдетке айналып барады.
Кейбір жолдастарыма, достарыма, ұстаздарыма олардың көзі тірі кезінде уақытылы рахмет айта алмағандығыма өкінемін де, қиналамын да, бармағымды тістеймін.
Жалғыз өмір, жалғыз жан. Қап, шіркін, қайта келетін өмір болса – есерсоқтығымды қайталамас едім деп ішімнен тынамын. Brian Allen Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз