Ертіс өңірінде қансорғыш жәндіктерді зерттеу жүргізіледі

357

Ертіс өңірінде қансорғыш жәндіктерді зерттеу жүргізіледіЕртіс өңірінде қансорғыш жәндіктердің тіршілік ететін ортасын зерттеуге бір топ ғалым тартылып отыр. Биологтар маса-шіркейлер тарататын кеселдері де анықтайтын болды. Ғылыми жұмыстар бір айдан кейін басталады. Мамандар маса-шіркейлер көп шоғырланатын жерде сулардан сынамалар алып, олардың өсіп-өну үрдісін зерттейді. Сондай-ақ, ғылыми негіздемелер жасалатын болады. Жалпы «Қансорғыш жәндіктердің дер-нәсілдерін қанаттанбай тұрып, жойған маңызды», – дейді ғалымдар. Биыл өңдеу жұмыстарына 600 миллион теңге бөлінген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, 4 есе артық қаржы. Залалсыздандыру жұмыстары Ертіс өзеніне жақын орналасқан 7 ауданда жүргізіледі.

Өмірбек Үсенов, республикалық ғылыми орталықтың бас маманы:

– Қай жәндік болмасын, қансорғыш, өзінің өмірін әрі қарай жалғастыру үшін қорегін іздейді. Ол біреуге зиянкестік жасайын демейді. Сол себептен бұл жерде уақыт талап етеді. Яғни, дер кезінде өздерінің санын есептеу керек, қай жерде орналасқандығын және әр саладағы бұл жұмысқа қатысты мамандар өздерінің дер кезіндегі керекті іс шараларын атқара білсе, бұның тек санын ғана азайта аламыз. Мүлдем жою ол мүмкін емес.

 

www.24.kz

 Josh Sweat Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз