Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алаш партиясының 100 жылдығына арналған «Алаш тарихының ақиқаты» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға тарихшы-ғалым, журналист Кенемолдин Мұратбек Мүфтиұлы, Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, Гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері қатысты.
Шара барысында кітапхана қызметкері Алаш партиясының 100 жылдығы ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде бағаланып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы екенін атап өтті. Ұлт болашағын, елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтап қалу жолындағы Алаш қайраткерлерінің зор үлестері туралы айтылды.
Шараны жалғастырған тарихшы-ғалым, журналист М.М.Кенемолдин өз сөзінде Алаш партиясы және бостандық пен тәуелсіздіктің туын тігіп елін жарқын болашаққа бастаған ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов туралы ауқымды ақпарат берді.
Келесі сөз кезегін алған кеш қонағы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері М.Құсайнов қатысушылардың назарын қаламыздағы тарихи орындарға аударды. Сонымен қатар Алаш қайраткерлерінің ағартушылық қызметтері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
Шараны жалғастырған «Жастар» колледжінің студенті Кабидолла Ибрагим, гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері Даутов Алтынбек және Биязбекова Гүлдана өз баяндамаларында тәуелсіздікке жету жолындағы қиыншылықтарды айтып, сол кезеңге деген терең көзқарастарын білдірді. Сондай-ақ, жас ақын Тоқтамыс Әйгерімнің Алаш көшбасшыларының ұлттық рухын дәріптеген өлеңдерін оқырман қауым қызығушылықпен тыңдады.
Дөңгелек үстел басындағы кездесу нәтижелі өттіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, көптеген жаңа, қызықты ақпараттарға қанық болды.
Шара соңында «Ұлт танымы – ұрпақ борышы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Brian Westbrook Womens Jersey