Бірнеше елді мекенді су шайып кетті

330

Бірнеше елді мекенді су шайып кетті

Толассыз жауған нөсер салдарынан Үндістанның Джамму және Кашмир штатындағы бірнеше елді мекенді су шайып кетті. Тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығару үшін жергілікті әскерилер жұмылған. Әзірге 20 адам эвакуацияланды.

Мәліметтерге қарағанда, жаңбыр соңғы екі тәулік бойы тоқтамаған. Салдарынан өзендердегі су деңгейі көтерілген. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты жергілікті билік шұғыл жиын өткізді. Су шайып кеткен ауданда қалғандарды құтқару үшін елдің әскери тікұшақтары тартылған. Жергілікті метеорологтардың болжамы бойынша аспанды торлаған бұлт алдағы күні сиреп, жауын-шашын тоқтайды. Әзірге тасқыннан жапа шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Раджив Пандей, полиция өкілі:

– Әскерилер мен азаматтық ұйымдар бірлесіп, су алған аудандардағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатырмыз. Ал қауіпті аймақта 35-40 адам қалуы мүмкін. Әзірге 20-ға жуығын көшірдік.

 www.24.kz Star Lotulelei Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз