Ақмола облысы Сандықтау ауданында 300-ге жуық үй су астында қалған,-деп хабарлайды «Жерұйық» порталы 24-арна таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Табиғат апатынан зардап шеккен баспаналардың көбісі Сандықтау және Балкашин ауылдарында. Бұдан бөлек, Бірлік, Веселый, Каменка және Лесное ауылдық округтерінде де ондаған үй су астында қалған. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр. Аудан әкімі Асылбек Есмағамбетовтің айтуынша, су шайған баспаналардың барлығы қалыпқа келтіріледі. Айта кетейік, аталған ауданда жолдарын су шайып кеткендіктен тағы 6 ауылдың аудан орталығымен байланысы үзілді. Оларға күнделікті керек-жарақтар мен азық-түлік қазір арнайы техникамен жеткізіліп жатыр.
DeShone Kizer Authentic Jersey