Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені күннен-күнге көтеріліп келеді. Өңірде Сергеев су қоймасы 1,5 есеге толып, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазір қатты ағыстың арнасы 3 метр 40 сантиметр үстінде ағып жатыр. Бұл туралы 24-арна хабарлады.
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, Есіл өзені ернеуінен шықса, жағадағы 11 ауыл топан судың астында қалуы мүмкін. Сондықтан көктемгі тасқынның алдын алу шаралары күшейтіліп, қауіпті аумақтардың тұрғындарына ескерту жасалды.
Есіл өзені арнасынан асса, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандарының жағаға жақын орналасқан ауылдарын су басуы мүмкін. Бұл елді мекендерде 400-дей адам тұрады. 3-4 күнде су Петропавл қаласына жетеді. Lorenzo Carter Womens Jersey