Головкиннің демалғысы келе ме?

230

Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) президенті Франциско Валькарсель британиялық Билли Джо Сондерс пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек мүлде болмайды деген ойда. Бұл туралы 24-арна хабарлайды. 

Мұның алдында Головкин 10 маусымда Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін екені айтылған болатын. Сонымен қатар, британидық боксшының менеджері Фрэнк Уоррен «жекпе-жек Головкиннің жарақатына байланысты кешігіп жатыр» деп айтқан. Алайда бапкер Абель Санчес бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Сондерс пен Головкин жекпе-жегіне рұқсат берілмеді, тіпті мұндай жоспарда жоқ. Оларда қол қойылған келісімшарт жоқ. Бұл жекпе-жек болмайтын шығар. Головкиннің демалғысы келетінін ғана білемін. Мұның алдында шілде деп айтылған, бірақ шілдеге Головкин ешқандай жекпе-жек жоспарлап отырған жоқ. Сондықтан бұл жекпе-жек өтпейді», – дейді Валькарсель.

Головкиннің демалғысы келе ме? Joseph Noteboom Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз