Нигерияда қаңырап қалған үйдің ішінен арнайы операция барысында 43 млн доллар табылды.
Бұл туралы stan.kz хабарлайды.
Үйдің іші бос болған. Ал онда ақша жасырылғаны туралы анонимді ақпарат беруші хабарлапты. Ол Лагос қаласындғы Осборн-Тауэрс ауданындағы пәтерлердің біріндегі күдікті жағдай туралы құқық қорғау органдарын хабардар еткен. Ол пәтерге адамдардың сөмкемен кіріп-шығып жүргенін байқапты.
Тұрғын үй кешені күзетшілерінің хабарлауынша ғимаратты ұзақ уақыт бойы ешкім пайдаланбаған. Оған тек үсті-басы алба-жұлба бір әйел ғана кіріп жүріпті.
Сот ордерін алғаннан кейін күштік құрылымдар төрт бөлмелі пәтердің есігін қиратып кіріп, ішінен валюта толтырылған үш шкафтарды анықтайды. Онда жалпы саны 43 миллион доллар, 27 мың фунт стерлинг және 23 миллион нигерия найры болған. Parker Ehinger Jersey