Қазақстанның басым бөлігінде алдағы тәулікте антициклонның ықпалымен ашық, жылы күн райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Алайда 21-22 сәуірде Ресейдің Еуропалық бөлігінен және Оңтүстік Каспий теңізінің жағалауынан жылжитын циклондар мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр және қатты екпінді жел соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-25м/с дейін жетеді деп болжанып отыр.