Тегін дәрі-дәрмек мәселесі қаралды

275

Тегін дәрі-дәрмек мәселесі қаралды

Қазақстанның фармацевтикалық  нарығында 200 кәсіпорын жұмыс жасайды

Ағымдағы жылдың 12 мамырында парламенттік тыңдауда отандық фармацевтикалық саланың даму мәселесі талқыланатын болады.

Сондай-ақ, Парламент тыңдалымын өткізу және дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі Бейбіт Мамраев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында еліміздегі түрлі өсімдікті пайдалана отырып, фармацевтикалық  индустрияны дамытуға болатынын алға тартты.

«Қазақстанның фармацевтикалық жазығында 200 –ге жуық кәсіпорын қызмет атқарады, оның 90 пайызы импортқа шығарылатынын және 10 пайызы ғана отандық айналымға жіберіледі. Бұл туралы парламенттік тыңдалымда қаралатын болады. Қазақстанның түрлі өсімдік қорында отандық фармацевтиканы дамыту жоспарлануда. Осы саланы жетілдіру қажет»,-деді Бейбіт Мамраев.

Спикердің айтуынша, фармацевтикалық индустрияны дамыта отырып, тегін дәрілік заттарға қол жеткізуге және толық қамтамасыз етуге болады.

 

Қазақстанда фармакологтар тапшы

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, Парламент тыңдалымын өткізу және дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі Бейбіт Мамраев хабарлады.

Бейбіт Мамраевтың айтуынша, өндірушілермен ұзақ мерзімді шартты ұйымдастыру арқылы Қазақстанға жоғары деңгейдегі сарапшыларды шақыруға мүмкіндік алды. Дегенмен, маманға байланысты инфрақұрылым әлі де жеткіліксіз болып отыр. «Емдеу әдісін таңдауда сауатты да білікті мамандар өте қажет. Бұл дәрігерлер ғана емес, клиникалық фармаколог өте тапшы.   Бізге клиникалық фармаколог өте қажет.  Елімізде клиникалық фармакологты дайындау үлкен мәселе туындатуда. Біз парламентік тыңдалымда осы көтерілген мәселелер талқыланады және тиісті ұсыныстар әзірленеді деген сенімдеміз.

Амбулаторлық дәрілік заттарды қамсыздандырудың жаңа моделі күтілуде

 

Емделушілер арасында сапалы дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарудамыз. Әрине, емдеушілердің құқығы басты назарда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пак хабарлады.

Парламент тыңдалымы барысында дәрілік заттарды қамсыздандырудың маңызды мәселелері талқыланады және осы саланың мәселелерін шешу жолдары айқындалады деп жоспарлануда.

Соның бірі- амбулаторлық дәрілік қамсыздандырудың жаңа моделі.

«Барлық моделдер түрлендіріледі. Жақсартылады және жетілдіріледі. Осы рәсімдерді енгізу кезең-кезеңмен өтеді. Барлығын бірден түбегейлі өзгерту мүмкін емес. Енгізу аясында міндетті әлеуметтік сақтау құқығын таңдау әрине емделушінің қолында. Өз таңдаған дәріханадан қажетті дәрілік заттарды алатын болады»,-деді Лариса Пак. Albert Wilson Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз