Ауа райы: 5 градусқа дейін үсік жүреді

321

Ауа райы: 5 градусқа дейін үсік жүреді

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенша жағдайлар комитеті елімізде күн суытуына байланысты дабылды ескерту жариялады.

 Синоптиктердің болжауынша, Астана қаласында 17-18 мамыр күндері түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

17 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

18 мамырда түнде Қостанай облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік болады.

17-18 мамырда түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, 19 мамырда кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді.

17-19 мамырда түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді.

17 мамырда нөсер жаңбыр жауып, Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін. Dorance Armstrong Jr. Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз