Сыр бойында жаңа қаланың іргесі қаланды

307

Қызылордада Сырдарияның сол жағалауынан бой көтеретін жаңа қаланың құрылысы басталды. Бірінші кезекте көпқабатты 18 тұрғын үйдің іргетасы қаланды. Қазірдің өзінде сырбойылық құрылысшылар 320 орындық балабақша салуға кірісіп кетті. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Мың жарым гектарлық аумақтың биыл 500 гектарын игеру жоспарланып отыр. Қазір барлық инфрақұрылым желісі жеткізілу үстінде. Жыл аяғына дейін жастардың шығармашылық орталығы мен этнографиялық мұражай бой көтеруі тиіс. Жобалаушы-архитекторлар жаңа қаланың сәулетінде шығыстық үлгіге басымдық берілетінін айтады. Қала басшылығының жоспары бойынша, болашақта сол жағалаудағы шаһарға жүз мыңға жуық тұрғын қоныстанатын болады. Нысандардың басым көпшілігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынбақ.

Асылбек Шәменов, қала әкімінің орынбасары:

– Сауда орындары, басқа да әлеуметтік салада біраз кәсіпкерлеріміз қызығушылық білдіріп жатыр. Сонымен қатар сырттан келіп жатқан инвесторлардың біреуі жеке тұрғын үй секторын салуға өз ұсыныстарын білдіріп жатыр.

 Kirk Cousins Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз