Білім және ғылым министрі халық алдындағы есебінде орыс мектептерінде оқитын 500 мыңға жуық балаға қазақ тілін сыналап тұрып оқытуды алға қойды. Бүгінде балалардың 90 пайызы мемлекеттік тілде оқып жатыр. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеуді қазақ тілінде тапсырғандардың үлесі – 80 пайыз. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал Ерлан Сағадиев орыс тілді балаларға мемлекеттік тілді оқыту әдістемесіне көңілінің толмайтынын айтты:
«Қазіргі уақытта аса назар аударатын проблемалардың бірі – осы. Орыс тілді балалар қазақ тілінде 11 жыл оқыса да сөйлемейді. Оларды сол уақытқа дұрыстап дайындау керек. Әдістеме нашар екенін барлығымыз түсініп отырмыз. Жаңа деңгейдегі ғылыми негізде жасалған әдістеме дайын. Деңгейі мен сөздік минимуммен, коммуникативтік технологиялармен жасалған әдістеме жалпы дайын. Пилот ретінде оны биыл мектептерге береміз. Jalin Marshall Authentic Jersey