«Абай өлеңдерін оқимыз» жобасының алғашқы видеожазбалары жарияланды,-деп хабарлайды zheruiyq.kz.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі «Қазақстан» Республикалық телеарнасы басшылығының қолдауы арқылы «Қазақстан Семей» филиалымен бірлесе отырып «Абай өлеңдерін оқимыз!» жобасын қолға алған болатын. Жобаның мақсаты: Абайды танып білу, сол арқылы ел руханиятын көтеру. Ақынның ақыл маржандарын ұрпақ санасына сіңіру. Жобаның шарты: Өлең оқимын деген адамдардың жасына, тіліне, ұлтына шектеу жоқ . Видеожинақтың сапалы шығуы талап етіледі. Өз видеожазбаңызды 1 шілдеге дейін «Қазақстан» телеарнасының өңірдегі филиалдарына не болмаса [email protected] адресіне жіберіңіз. Сонымен қатар жазбаны әлеуметтік желілерге (Facebook, VK, Instagram) #абайдыоқимыз хэштегімен жариялауға болады.
Ізгі істің іргетасын қалап, жобаның жалауын алғашқы болып ұстаған Ақтөбеліктер Абай өлеңдері – адамзаттың құндылығы екенін аталмыш жоба аясында «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасы арқылы дәріптеуде (төмендегі бейнебаянда).
Бұл жобадан нені байқауға болады?
Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасар Абай мұралары, яғни Абайдың томдары қолдан-қолға өтіп болашаққа бет алып бара жатқанын байқайсыз. Алаш жұрты жобаға жаппай атсалысады деген ойдамыз.
https://www.facebook.com/Abaimuseum/videos/1359680900792594/ Morgan Burnett Jersey