
«Қазгидроменттің» мәліметінше, 8-10 маусымға арналған ауа-райы болжамы жиі жаңбырлы, салқын ауа-райы болады деп күтілуде,-деп хабарлайды zheruiyq.kz
Батыс Сібір арқылы жылжыған циклондармен байланысты, атмосфералық фронттар, Қазақстанның ауа-райына әлі де әсер ететін болады. Сондықтан, республиканың көптеген облыстарында өткінші нөсерлі жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда кей жерлерге қатты жаңбыр, бұршақ жауады, сондай-ақ найзағай мен дауылды күшті жел болады.
Тек қана оңтүстік-батыс, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста алдағы екі тәулікте ауа-райы жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтілуде, осында күндізгі ауа температурасы 25-35 градусқа дейін қызады.