Елбасы ШЫҰ қатысушыларына арналған концертке қатысты

311

Елбасы ШЫҰ қатысушыларына арналған концертке қатыстыМемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларға арналған концертке қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Концертте қазақтың халық әндері және әр түрлі елдердің әуендері, сондай-ақ әлемге әйгілі классикалық шығармалар орындалды.

Елбасы ШЫҰ қатысушыларына арналған концертке қатысты

Шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белгілі шығармашылық ұымдары қатысты. Олардың қатарында, атап айтқанда, «Астана Опера» опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен «Астана Балет» театрының топтары, сондай-ақ М.Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хоры (Ресей), «Надам» би ұжымы (Үндістан), «Акак» қомызшылар ансамблі (Қырғызстан), Чжэцзян провинциясының акробаттық өнер труппасы мен Қытайдың опера және би мемлекеттік театры, «Гүлрез» би ансамблі (Тәжікстан), «Өзбекстан» ән мен би мемлекеттік ансамблі бар. Germain Ifedi Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз