Үнді қыздарының сұлулық сыры

Үнді қыздарының сұлулық сыры

Сау әрі таза бет терісі — айрықша сұлулық белгісі. АҚШ- тағы ең ірі косметикалық фирманың қожайыны Хелена Рубейнштейн: «Көріксіз әйелдер болмайды, тек жалқау әйелдер бар!» — депті.

Сондықтан жалқауланбай, бетіңнің күтіміне үнемі көңіл бөлгенің абзал. Дұрыс күтім жасалған бет терісі жақсы сақталады және онда түрлі дақтар болмайды. Бетке күтім жасауды ұйқыға жатар алдында баста. Алдымен бетті жылы сумен, сондай-ақ арнайы дайындалған сумен шайған да жақсы. Мысалы, терінің тазалығы үшін суға ас содасын (1 литр суға 1 шай қасық ас содасын) қосып қайнатып алады. Суығаннан кейін бетті шаяды. Сонымен қатар суға (1:1) қияр, алма, қызанақтың шырынын немесе ашытылған қырыққабат тұздығын да қосуға болады. Дайындалған қоспаны тек таңертең пайдалансаң, күні бойы беттің балғындығы сақталады, әрі терінің қышқылдық әсері жоғарылап, қоршаған ортаның әсеріне төзімді болады. Егер қоспа бетіңе жағымсыз әсер етіп, теріні тітіркендірсе, онда жеміс шырынын берілген мөлшерден азайту керек. Бетіңді қолыңмен ұстай берме, бар бактерия қолда жиналатындығын естен шығарма. Бетті тазалау үшін косметикалық сүт, тоник немесе тазартқыш көбікті пайдаланған жөн. Бетті міндетті түрде таңертең және кешке тазалау керек. Бұл жағдайда бет күтімі туралы жалпыға бірдей ортақ нұсқау беру қиын, себебі кейбір косметикалық құралдарды сумен жуса, кейбіреуін мақтамен немесе арнайы тампондармен сүрту қажет.

Бетіңе маска жасап, скраб немесе жай сумен жуып, тазалағаннан кейін теріні сергітетін лосьон немесе тоникті жаққан жөн. Сергітетін құралдар теріде бөлінетін қышқылды сілтілік балансты қалпына келтіріп, терідегі ұсақ те- сіктердің ұлғаюын тоқтатады, бетіңе макияж жасағанда немесе крем жақ- қанда, теріні алдын-ала дайындайды. Мәселен, тоникті қолданғаннан кейін ғана крем 30 %-ға дейін бетке жақсы жағылады және тез сіңіп кетеді.

Мақта тампонына тоникті кұйып бетті сүртеді. Сонымен қатар, сүртіп қана қоймай, бет, иек және мойынды қолмен қағып қою керек. Бұл жаттығу бет терісіне өте пайдалы.

Ескерту: қантамыры бар сезімтал жерлерді сүртпеу керек, тониктің әсерінен қантамыры кеңеюі мүмкін.

Сондай-ақ, раушан гүлінің суын түрлі тағамдарға және тәттілерге қосып, пайдаланады екен. Сонымен қатар бұл затты сергітетін сусындармен қатар, хош иісі үшін әтір түрінде де қолдана-ды. Раушан гүлінің жұпар иісі әйел сұлулығына сай нәзік әрі өте жағымды. Бұл қоспадан дайындалған әтірді кез келген кішігірім дүкендерден таба аласыз.

Беттің шұбар болуы және пигментті дақтардың шығуы күннен тарайтын ультракүлгін сәулелердің теріге әсер етуіне байланысты. Беттен басқа аяқ- қолың, арқаң, жалпы тұла бойың шұбар болуы да мүмкін. Бұл — гендік ерекшелігіңе де байланысты болатыны хақ. Уақыт өте, күнге күю сәнге айналғаннан кейін, шұбар теріге деген көзқарас өзгерді. Сән әлеміндегі жаңалықты қалт жібермейтін қыз- келіншектер сұлулық салондарына барып, жасанды шұбар рең беретін арнайы қызмет тұрлеріне тапсырыс беретін болды. Шұбар тері қыздарды әлдеқайда жас әрі жүзін жарық етіп көрсетеді. Алайда пигментті дақтардың болуын кез келген қыз бала ұната бермесі анық. Ондай құрбыларымызға күн сәулесінен сақтанған дұрыс дер едік. Оларға барынша С дәрумені бар киви, һитрус жемістерін, алма, қарақат тәрізді жидектерді көбірек жеу керек. Халық медицинасында бетті дақтан тазарту үшін қияр, лимон және грейпфрут шырындары кеңінен қолданылады. Олардың құрамында ағартатын элементтер бар.

Бет терісі құрғақ, майлы, қалыпты және құрамды (комбинированный) болып келеді. Қалыпты тері ұстағанда, барқыт тәрізді жұмсақ, тегіс әрі серпінді келеді және күңгірт түсті болады. Онда беттің тері саңылаулары мен қара нүктелері байқалмайды. Күтімді онша қажет етпейді.

Бет терісіне сай күтім жасау түрлері. Қалыпты тері — тегіс, күңгірт, қызғылт, серпінді, су мен сабынның әсеріне төзімді. Таңертең  бетіңді бөлме температурасындағы жұмсартылған сумен сабынсыз шай немесе мұз кесегімен ысқыла. Ысқылау тері сызықтарының бағытына қарай жүзеге асырылады. Қалыпты теріні аптасына 2-3 рет сабынмен жуса, жеткілікті. Сабынды неғұрлым жиі қолдану теріні құрғатып, қабыршақтануға, терінің тітіркенуіне әкеліп соғады. Бетті шайғаннан кейін жұмсақ сүлгімен құрғат: оны бетіңе жауып, аздап басыңқыра. Жуынып болған соң, бетке арналған майды саусақтың ұшымен ғана жеңіл ұрғылап, тері сызығының бағытымен: маңдайға — қастың өсу бағытымен шашқа қарай, көз айналасын — көздің ішкі жиегінен қабақтың жоғарғы сыртына қарай, төменгі қабақтың сыртқы жиегінен мұрынға қарай, ал мұрынға — оның асті мен қырларынан құлақтың жоғарғы жиегіне қарай жұқалап жағып, сіңіру керек. Иек пен бетті алақан үстімен толық қамти отырып жақ. 15-20 минут өткен соң, беттегі май қалдығын жұмсақ майлықпен сүртіп ал. Бетті жуғаннан гөрі оны лосьонмен тазалаған дұрыс. Қиярды бөліктерге бөліп, мойыны кең шөлмекке сал да, қияр бататындай мөлшерде арақ немесе сумен араластырылған медициналық спиртті құй. Екі аптаға ашытып қой. Дайын болған лосьонмен күнделікті бетіңді сүртіп отыр. Қияр теріні жақсы ылғалдандырады, тегістейді және ағартады. Сонымен қатар күн сәулесінен қорғайды, тері саңылауларын тарылтады. Көз айналасының қатпарлануына жол бермейді.

Маскаға тоқталсақ, 1 шай қасық бал мен шикі жұмыртқаның ағынан жасалған масканы 10-15 минуттай бетке жағып, жуып тастау керек. Ол теріні қажетті дәрумендермен және ұсақ элементтермен қоректендіреді.

Майлы тері жылтырап, май бездерінің кеңейген тесіктері көрініп тұрады. Кейбір жағдайларда тесіктері қара нүктелермен бітеліп, безеулер мен бортпелер басып, беттіһ әр жері ісіп, қызарады. Мұқият жуылып, сүртілген бетке таза кішкентай қол айнаны алып, үйке. Бұл әдісті мұрын, маңдай тұсыңа да жаса.

Егер айнаның бетінде майдың іздері қалса, онда теріңнің майлы болғаны.

Майлы тері күтімі

Майлы тері екі түрлі болады: біріншісі май жаққандай жылтырап, кейбір жерінен май тамшылары көрініп тұрады. Тіпті апельсиннің қабығына ұқсас деуге болады. Екінші түрінде бет терісі қатқыл, қара түйіршіктер, безеулер мен бөртпелер басым, сондай-ақ қызарып ісініп, қабыршақтанғаны байқалады. Теріден бөлінген май мен тозаңдардан тығын пайда болып, май бездерінің жолдары бітелгеннен, қара дақтар байқалады. Егер бұл қайталана беретін болса, онда май терінің саңылауларына жиналып, май тығыны  камедон түзіледі. Ол қарақошқыл немесе қара түсті болады. Бетті күтпеген жағдайда камедон үлкейіп, теріге түскен инфекциялардың нәтижесінде безеулер қаптайды. Терінің  бұл түрін күніне екі рет жылы сумен сабындап жуып, артынан салқын сумен шайған жөн. Суға аздап тұз (1 литр суға — 1 шай қасық тұз) қосып шайса болады. Сабынның орнына анда-санда іріген сүт немесе сарысуды пайдаланған дұрыс. Соңынан жылы сумен шайып, майлы теріге арналған лосьонмен сүрткен абзал. ¥сақ безеулері бар теріні ұйытылған сүтпен жуып, сүт құрамдас маскаларды жасауға болады. Ол үшін дәкені бірнеше қабаттап бүктеп, көз бен ауыздың тұсын ойып алып таста. Дәкені ұйыған сүтке малып, 15-30 минутқа бетіңе жабыстырып қой (дәке құрғап кетсе, қайтадан сүтке малып, бірнеше рет қайтала). Артынан сол дәкемен бетіңді жақсылап сүртіп ал да, бірінші жылы, сосын суық сумен шай. Бұл масканы аптасына кем дегенде екі рет жасау керек. Мамандар 6-8 аптадай осы процесті қайталау керектігін ескертеді.

Кейде майлы тері жуынғаннан кейін тырысып, қызарып, қабыршақтана бастайды. Сондықтан бетіңді түймедақтың қайнатпасымен (1 стақан суға — 1 шай қасық) жу. Егер ұсақ безеулер пайда болса, онда теріңді сұлы қауызының қайнатпасымен (1 стақан суға — 2 ас қасық сұлы қауызы және 1 шай қасық ас тұзы) сүрт. Қышқылдан- ған суды (қышқыл алма мен лимонның қабықтарының үстінен жылы су құйып, 2 сағатқа тұндыр) пайдалануға да болады. Қажет болған жағдайда лосьонмен күні бойы сүртіп отыр.

Маска трлері

Балдан жасалған залалсыздандырғыш. 100 грамм балды аздап сыртынан су моншасында қыздыр. Оған 25 грамм спирт пен 25 грамм суды қосып, біртекті қоспаға айналғанша, әбден араластыр.

Ақуыздан жасалған маска. Жұмыртқаның ақуызын қылқаламмен (кисточка) немесе тампонмен бетке жағып, жұқа қабыршақ пайда болғанға дейін кептір. Біраздан соң, осы процесті қайталап, алдыңғы қабықтың үстіне жақ. 3 рет қайталау керек. Бұл шараның ұзақтығы маска әбден кепкенге дейін 15-20 минутқа созылады. Масканы жылы сумен жуып тастап, артынан суық сумен шай Ақуызды-лимонды маска. Ақуызды асықпай, үздіксіз араластыра отырып, 1 шай қасық лимон шырынын қос. Масканы тампонмен немесе қылқаламмен бетіңе жағып, 15-20 минут өткен соң, жылы сумен жуып таста. Артынан суық сумен шайып немесе асқа арналған мұзбен ысқылаған жөн. Маска терідегі саңылауларды тарылтып қана қоймай, терінің майын құрғатып, ағартады.

Айранды-ірімшікті маска. 1 ас қасық айранды 1 ас қасық ірімшікпен араластырып, аздап тұз қос. Масканы бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы және суық сумен жу. Мұндай маска теріні жұмсартып, нәрлендіреді және қышқылдық әсерін арттырады.

Қызанақ маскасы. Езілген қызанаққа жұмыртқаның сары уызын, аздап ұн немесе крахмал қос. Біркелкі қоспа пайда болғанша араластыр. Бетіңе жағып, 20 минуттан соң жылы сумен, артынан суық сумен жу. Бөлдірген мен жүзім маскасы да дәл осылай дайындалады.

Лосьондар. Лимон-спиртті лосьон. Тазаланып туралған лимонға 200 грамм арақ құйып, 4-7 күнге ашытып қою керек. Дайын болғанда сүзіп алып, тұнбаны бетіңе жақ. Егер бетің  қызарған болса, тұнбаға аздап су қос.

Шөптен жасалған лосьон. 2 ас қасық әртүрлі шөп қоспасына (мыңжапырақ, танап қырықбуыны, түймедақ) 0,5 литр қайнаған суды құйып, 15-20 минуттай тағы да қайнату керек. 3-4 сағаттан кейін сүзіп алып, сірке суын қос (200 ғрамм қайнатпаға 1 шай қасық сірке суы қолданылады). Сосын 30-50 грамм календуланың спиртті ашытпасын немесе 30-50 грамм арақ қосып араластырады. Бұл лосьонды бетті тазалап алғаннан кейін жағады.

Құрғақ тері қабыршақтанып, солғын түсті, сезімтал, жылтырамайтын, тез әрі жиі зақымданғыш болып келеді. Оған денедегі ылғалдың және оттегінің  жетіспеушілігінің, дұрыс тамақтанбау мен адам ағзасының зат алмасу қызметінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Қарындаштың тұйық жағымен маңдайыңнан бастап бетің мен иегіңе дейін жеңілірек басыңқырап жүргізіп өт. Егер қызғылт іздер көрініп қалса, онда терің өте сезімтал, қорғауды және өте нәзік күтімді, ұқыпты қамқорлықты талап етеді.

Құрғақ тері күтімі

Құрғақ тері — әлсіз, ақшыл-қызғылт түстес, жиі қабыршақтанады және сыртқы әсерлерге өте сезімтал келеді. Мүмкіндігінше терінің құрғап кетпеуін қадағала: үнемі көшеге шығар алдында жуынбау, құрамында спирті бар косметикалық жабдықтарды көп пайдаланбау керек. Жатар алдында, жуынып болғаннан кейін бетті арнайы косметикалық сүтпен немесе кілегеймен сылау керек. Сондай-ақ жөке гүлінің қайнатпасынан арнайы тұнба жасауға да болады (1 стақан суға 1 шай қасық жөке гүлін қосу). Сүтті шаймен (1 стақан шайға 4 ас қасық сүт қосу керек) жуынған пайдалы. Қабыршақтанған теріні зығыр дәнінің қайнатпасымен жылы күйінде тазалап, бапта (1 шай қасық зығыр дәніне 1 стақан суық су құйып қайнатып, суыту керек). Теріні су қосылған сүтпен сүрт: жартылай сүт және бөлме температурасындағы судың жартысын пайдаланады. Теріні қолдан дайындаған қоспамен сүртуге болады: майлылығы 30 %-дық кілегей мен жұмыртқаның сарысын араластырып, 1 шай қасық арақ пен 5-15 тамшы лимон шырынын қосады. Қолданар алдында қоспаны жақсылап шайқа. Мақта тампонымен бетіңе бірнеше рет қайталап жақ (тампонды ауыстырып отырған дұрыс). Қоспа теріні тазартып, жұмсартады, әрі ағартады.

Сұлы қауызынан дайындалған қайнатпамен бетті сүртуге болады. Оны дайындау тәсілі: 1 литр қайнаған суға 2 ас қасық сұлы қауызын сал. Суыған кезде оны дәкемен сүзіп алып, құрғақ теріні күнделікті таңертең және кешкісін сүртіп қою керек. Бетіңе жасаған масканы бөлме температурасындағы қайнатылған жылы сумен шайған дұрыс.

Маска түрлері. Сары уыз бен бал қоспасы. Жұмыртқаның сары уызы, 1 шай қасық бал және 1 шай қасық зәйтүн немесе жүгері майын араластыр. Бетіңе жағып, 15-20 минутқа қалдыр. Артынан жұмсартылған жылы сумен немесе жартылай сүт қосылып жұмсартылған жылы сумен жуып көр. Қоспаға 10-15 тамшы лимон шырынын қосуға болады.

Бал қоспасы. 1 ас қасық бал, 1 ас қасық талқан және 2 ас қасық шикі сүт. Масканы 15-20 минутқа бетіңе жағып, артынан салқын суға малынған мақта тампонымен тазала.

Ірімшік. 1 ас қасық ірімшікті жақсылап үгітіп, 1 ас қасық қаймақпен араластыр, 1/2 шай қасық ас тұзын қос. Қоймалжың ботқаны бетіңе жағып, 15-20 минуттан соң, жұмсартылған жылы суға малынған мақта тампонымен сүртіп алған жөн.

Алмұрт маскасы құрғақ теріні нәрлендіріп, ылғалдандыруға ықпал етеді. Алмұртты қабығынан тазартып, үгітіп ал. Шырынын сығып алып, бетіңе жақ. Қою сұйықтығын маска түрінде пайдалануға болады. 20-25 минуттан соң, жылы сумен шай.

Үнді қыздары беттерін жуарда сабынды көпіршітіп алып, оған бір шым-шым құмшекер қосып, беттерін біраз сипалап тұрады. Содан кейін жылы сумен жүздерін шаяды. Сонда жүздері бал- бұл жанып, әрі беттерінде безеу болмайтын көрінеді.

Бір жарым ас қасық құмшекерге жарты ас қасық су қосып, жай отқа қою керек. Қоспа қатая бастағанда, оттан алып, көпіршіп араласқан жұмыртқаның сарысын қосады. Бір минутқа тағы да отқа қойып алып, бір шай қасық лимон шырынын қосу қажет. Бұл қоспамен үнді қыздары беттерін тазартатын көрінеді. Әсіресе, бұл — құрғақ бетке таптырмас тазартқыш бола алады. Құрамды тері деп — әдетте иек, мұрын және маңдай бөлігінің терілері майлы, ал қалған бет бөлігі қалыпты немесе құрғақ болып келетін теріні айтады. Осыған байланысты беттің әр бөлігіне жеке күтім жасау керек. Сенің жасыңда тері арнайы нәрлендіргіш майларды қолдануды қажет етпейді, бірақ тазалау, қорғау сияқты шараларды жасаған жөн.

Күтімі. Құрамды терінің күтімі әлдеқайда күрделі. Қалыпты теріде бет бөлігі мен мұрын, иек бөлігінің май бездері секрециясы қызметі белсенді болмағандықтан, осы бөліктерді сабынмен жуған дұрыс. Бір күннен соң, беттің осы бөліктерін майлы бетке арналған лосьонмен сүрт. Беттің құрғақ бөлігіне ылғалдандырғыш, жартылай майлы кремдерді пайдалануға болады. Егер мұрның мен иегің тез майланып, беттің  қалған бөлігі құрғақтанса, кешкісін жуынар алдында арнайы косметикалық сүтпен сүрту керек. Сабын мен суға төзімділігі нашар теріні кешкісін түймедақ қайнатпасы немесе сүт қоспасымен сүрткен дұрыс. Таңертең емдік шөптердің қайнатпасымен, қалыпты теріге арналған қоспалармен жуын, косметикалық маймен сылауды ұмытпа. Құрамды теріге екі бөлікке жеке маска жасауға болады. Біреуін — бет, мойынға, ал екіншісін мұрын, маңдай және иекке жағуға болады. Шараның ұзақтығы — 20 минут, артынан масканы кайнатылған жылы сумен жуып таста.

Асқабақтан жасалған маска. Арнайы сыққышпен асқабақтың шырынын сығып алып, мақта тампонын шылап, бетіңді сүрт. Асқабақтың компресі аздаған минуттар ішінде бет терісін жаңартып, ылғалдандырып, кеңейғен тері саңылауларының бітелуін қамтамасыз етеді. Пісірілген асқабақтан 2-3 ас қасық қоймалжың ботқа дайындап, жұмыртқаның сары уызын және 1 шай қасық бал қос. Дайын болған компресті қыздырып, қалыңдап бетке жақ. 15 минутган соң, салқын сумен жуып таста. Асқабақтың мәйегінен жасалған қоймалжың сұйық ботқасын зақымданған жерге, бөртпелерге және безеулерге басады.

Теріні ылғалдандыру — адам ағзасы үшін аса маңызды. Ол денені сыртқы механикалық әсерлерден, қоздырғыш бактериялардан қорғайды және адам ағзасы температурасының қалыптылығын реттеп отырады. Ағзадағы қан тамырлары, жүйке талшықтары және май бездері теріге жақын орналасқан. Адам тері арқылы да тыныс алады, себебі адам өкпесі ағзаны толық оттекпен қамтамасыз етуге шамасы жетпейді. Дене терісі үнемі тегіс әрі жылтыр болуы үшін оны әрдайым ылғалдандырып отыру қажет. Терінің 70%-ы судан құралады. Судың арқасында тері созылғыш, тегіс әрі жылтыр болып келеді, бірақ қатты жел, суық аяз, өте ыстық күн сәулесі, күйік шалу сияқты сыртқы әсерлер терінің қабыршықтанып, құрғап кетуіне әкеп соғады. Мұндай тәсіл орталық жылумен қамтылатын көп қабатты үлерде тұратындарға ғана пайдалы. Теріні ылғалдандыру үшін бірқатар косметикалық тәсілдерге жүгінуге болады. Белге дейін жалаһаштанып, кеуде тұсыңды сүлгімен орап тас-та, сонан соң бетке, мойынға қалыңдатып нәрлендіргіш кремді жақ, су сепкішке минералды су толтырып алып, 15-20 минуттай кремнің үстінен бетке, мойынға шашырат.

Терінің қызметімен таныс болғаннан кейін оны күту үшін қыз балалар жиі қолданатын крем жайында сөз қозғаймыз.

Кірем пайдалану

Бетке арналған кремдерді қалай дұрыс пайдалануға болады?

Жасөспірімдерге арналған кремді тек жуылған таза бетке жақ. Қыз бала бетпен бірге мойын күтімін ұмытпағаны абзал. Күннің жылы мезгілдері — коктем, жаз айларында күнделікті таңертеңгісін ылғалдандырғыш, ал суық мезгілдері — күз, қыс айларында теріні нәрлендіретін кремдерді пайдаланған дұрыс. Күндізге арналған ылғалдандырғыш және нәрлендіргіш, ал кешкісін түнге арналған кремдерді пайдаланған жөн. Қыс мезгілінде арасында бірнеше мәрте түнде ылғалдандырғыш кремдерді пайдалануға болады, бірақ оны еш уақытта күндіз қолданба, себебі суықта тері кеуіп, тырысып, қабыршақтанып кетеді. Крем таңдағанда, қалтаң көтеретін өнімдерді қолданғаның жөн. Бұл жайында анаңмен немесе әпкеңмен ақылдасқаның артықтық етпейді. Тіпті ең қымбат косметика сенің теріңе жағуы екіталай. Осыны естен шығарма.

Крем жағу ережелері:

Иектің ортасынан құлаққа қарай.

Ауыз бұрышынан құлақ ортасына қарай.

Мұрын қырларынан құлақ бағытына қарай.

Маңдайдың ортасынан самайға қарай.

Мойныңа иықтан иекке қарай төменнен жоғары бағытта жақ.

Көдің ішкі бұрышынан қастың үстіне қарай және қарама-қарсы бағытта жағу керек.

Материалды дайындаған:

Айнұр ТАҢЖАРЫҚҚЫЗЫ

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *