Жексенбі, Шілде 8, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Жаһан > Президент шетелге шығуға арналған жаңа төлқұжат енгізбек

Президент шетелге шығуға арналған жаңа төлқұжат енгізбек

Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан азаматтары үшін жаңадан шетелге шығу төлқұжатын енгізуге тапсырма берді. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің 11 шілдедегі бұйрығында айтылған.

Мемлекет басшысы үкіметке жаңа төлқұжатты енгізуге қатысты бір ай ішінде нақты кезеңдері мен кететін қаржыны есептеуді тапсырды.

Ішкі және шетелге шығу төлқұжатын енгізу мәселесі Өзбекстанның 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық даму бағдарламасында қарастырылған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, 2011 жылы шығарылған қазіргі қолданыстағы төлқұжат та халықаралық талаптарға сәйкес келеді, бұл құжатпен де шетелге шығуға болады.

Ақпарат көзі: Centralasian.org

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation