Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік-Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді, түнде жөне таңертен тұман болады. Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, күндіз және таңертен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Алматы облысында Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күтіледі.