«Болашақ» бағдарламасының магистранты, Қазақстанның бұрынғы сенаторы Ермек Жұмабаевтың ұлы – Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте көз жұмды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
«Қаза болған Асқар Жұмабевтың денесі Нью-Йорктегі бас консулдықтың көмегімен Қазақстанға жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, жүрегі тоқтап, көз жұмған», – деп хабарлады ведомствода.
Асқар Жұмабаев «Болашақ» бағдарламасымен оқып жүрген. Оның әкесі Ермек Жұмабаев 1995-2014 жылдары Қазақстан сенатының депутаты болған.
Естеріңізге сала кетейік, Ригада ҚР Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің баласы Асылбек Мусин қайтыс болған еді.
Baq.kz