Сенбі, Тамыз 18, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > ЖАС КӘСІПКЕР ЖЫРАҚТАҒЫ АУЫЛҒА ҚОЛДАУ ЖАСАДЫ

ЖАС КӘСІПКЕР ЖЫРАҚТАҒЫ АУЫЛҒА ҚОЛДАУ ЖАСАДЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы құндылықтарымызды қадірлеу туралы ойлары жастардың да жігерін жанып, рухтандыра түсуде. Бір ғана «Туған жерге туыңды тік» деген аталы сөзі жас буынның да ата-бабаларының ізі қалған жерге деген махаббатын оятуға күш беріп отыр. Соның бір мысалы – жас кәсіпкер Әділет Аязов. Ол жастығына қарамастан аталары ту тіккен өңірге көмек қолын созуға ниетті.

«KazFinancial Grup «KFG» компаниясының жетекшісі Әділет Серікханұлы кәсібін Алматы қаласында дөңгелетіп отырған заңа заманның өкілі. Ауыл өмірін балдырған кезінде көргені болмаса көбіне қалада өсіп, жаһандық өзгерістерде бой түзеген азамат. Жасыратыны жоқ, осы бір жаһандану кезеңде өскен жастардың бойында «Туған ел» ұғымы аса құндылық болып есептеле бермейді. Бірақ, біздің кейіпкеріміз жас кәсіпкер Әділет ондай өзімшіл топтың қатарынан емес. Қайта, қолдан келгенше ел мүддесіне қажет деген істерге қол үшін созып, белсенділік танытуда. Соның бір дәлелі, ол 2017 жылы  Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы өңіріндегі Қарабұта ауылында өткен «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумы көтерген бастамаға белсене  араласып кетіпті. Форум мақсаты – алыстағы жерлестердің қаржылай көмегімен ауылдағы әлеуметтік мекемелердің жабдықтарын жаңарту мен толықтыру. Осы орайда  «KazFinancial Grup «KFG» компаниясының жетекшісі Әділет Аязов Қарабұта орта мектебінің мәжіліс залының қабырға, еден жабдықтарын жаңартып беруді мойнына алған. Сонымен бірге, ауыл кітапханасына еліміздің ең таңдаулы қаламгерлерінің туындыларынан тұратын 100 дана кітап тарту еткен. Ауылдастарының бір кәдесіне жарауға тырысқан жас кәсіпкердің көптің қамын ойлай білгендігі сол өңірдің халқына «Әи, бәрекелді!» дегізіп отыр. Өйткені, жергілікті халық оның әкесінің де, ата-бабаларының да көпшіл, ел мүддесіне қызмет жасай білгендігін жақсы біледі. Сол себепті, Қарабұта ауылындағы мешіт атауын иеленген Иса қажы баба ұрпақтарының жаңа толқынының ел ісіне араласуын ауылдастары мақтан тұтуда.

«Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен жеріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген Елбасы сөзі жаңа буын арасында да осылай өріс алуда.

Қайрат Зенкенұлы,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation