Бейсенбі, Мам 31, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Елді әбігерге салған Ертіс өзені ме әлде енжарлық па?..

Елді әбігерге салған Ертіс өзені ме әлде енжарлық па?..

Шығыс Қазақстанның бір қатар мекендерін су алып кетіп жатқанда өзге өңірдің атқамінерлері содан сабақ алып, қам жасау керек еді ғой. Қажетінше қам жасалса қарт Семейдің тұрғындары қапыда қалып, қайрандап қалмас еді. Айдың күні аманында 200 ден астам шаңырақ су ортасында қалып қойды. Оншақты үй Түйемойнақ аралында, 75 үй Затон аумағында және Бобровка саяжайында 150 дей ауланы су басып қалған. Бір тәуірі су түс мезгілінде келіп бірқатар зардаптардың қатарын азайтып тұр. Ашу қысқан халық атқарушы орғандардың ешқандай әрекетсіздігіне наразы. «Басқа өңірлерді су басып жатқан кезде бізідің басшылар соның салдарына көңіл аударып, сақтық шараларын жүргізсе мұндай апат болмас еді. Ең болмағанда Ертістің суын бақылап отыратын мекемелер дабыл қағып, алдын ала ескерткен жоқ. Қайда қарап отыратындарын білмейміз…» деп, көпшілік күйінуде.

Су басып қалған үйлеріне жолай алмай жүрген жұрттың жанайқайын көріп тұрып, «бұл неткен салғырттық, елді осыншалық әбігерге салып қойған Ертіс өзені ме әлде тиісті мекемелердің енжарлығы ма?» деген ойға келеді екенсің. Көктем мерзімі, Ертіс өзеніне қатысты түрлі қауіптрдің болу мүмкіндігі бұрыннан белгілі. Яғни, ол қауіптердің алдын алу неше мәрте талқыланып, ойластырылған болар.

Сондықтан да болар жұрт биліктің мәселенің себеп-салдарын түсіндірулеріне мүлде сенбейді. Мәселен, халықты 1-2 күн бұрын құлақтандырып, өзеңде кептелісіп қатып жатқан мұзды ертерек жарып, тасқын қаупі бар аумақтарда дамбыларды қою, бекіту сынды жұмыстар өз уақытымен жүргізілгенде Семейдің Түйемойнақ аралы, Шығыс және Мирный кенттерінде тұратын тұрғындардың наразылғы туындамас еді. Олай дейтін себебіміз бүгін Ертіс өзеңіне тасталған 360  тонна жарылғыш заттың салдарынан Сәтбаев көшесінде өзеңге қарама-қарсы орналасқан бірнеше көпқабатты үйдің терезелерінің  тас-талқаны шықты.
Халық шулап кеткеннен кейін дереу жеткен қалалық тұрғын  үй -коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Амантай Өтелбаев тұрғындарды сабырға шақырып, шығынды толығымен өтеп беретіндерін айтсада, халық сенімсіздікпен қарады.

Сонымен қатар, қазір осында «Технология Комфорта» ЖШС-нің мамандары келіп, сынған терезе мен балконды өлшеп алып кететінің айтып, бірнеше күннің ішінде жаңа тереземен балкон орнатылады деп сендірді ашуға булыққан үй иелерін биліктің өкілі.
Одан бөлек Затон аумағының басым бөлігін су шайып кетті.
Үйлері судың астында қалған Оксана ханымның айтуынша, бізге ешқандай жауапты органдардың қызметкерлері алдын-ала осындай қиын жағдай болатының ескертпеді. Тым болмағанда 1 күн бұрын айтқанда үйіміздегі зақым келеді-ау деген көп заттарымызды туыстарымызға көшіріп үлгеретін едік. Судың қалайша үйімізге тез кіріп кеткенің байқамайда қалдық сол себептен есіміз шығып, құжаттарымызды ғана алып шыға алдық- деп көзінен еріксіз жас алды.

Ал Николай Анатольевич   болса, кезінде мұзды сәуір айында жарған болатын, дәл наурыз айында мұзды жарғандары дұрыс болмады. Енді суға келетін болсақ, ешкімде ертерек қозғалмады дей келе, «Баяғы жартас– сол жартас» – деп қысқа ғана қайырды.

 Ғанибек Түсіпбек, «Жерұйық» порталы.

 

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation