Жексенбі, Мам 20, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАСЫ ҚАБЫЛДАНСА…

ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАСЫ ҚАБЫЛДАНСА…

Қазіргі таңда Қазастандағы әкімшілік заңнамасына жасалатын реформалар көп талқыланатын тақырыптардың бірегейі болып отыр.  Еліміздегі Жоғарғы сот пен Әділет Министрлігінің бірлесуімен әзірленудегі әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодексі жобасы бұқаралық-құқықтық даулы мәселелерді қарауды реттеуге бағытталған.

Аталмыш заңнаманың ізгілендірілуі азаматтарымыздың мемлекеттік билік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы туындайтын дауларды реттеуде отандық сот саласын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде. Бұқаралық-құқықтық даулардың әкімшілік сот өндірісі саласына берілуі азаматтардың билік органдарына қатысты арыздарының түсінікті де  ашықтығын орнатып, құқықтық түсініспеушілікті жояды.

Әкімшілік әділеттілікті жуырда Латвия, Әзірбайжан, Грузия, Түркменстан, сынды мемлекеттер енгізіп үлгерді. Өз тәжірибелерімен Германия мемлекетінің сарапшылары қарқынды түрде бөлісуде. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек,  кей елдерде сот шешімдерінің заңды да нәтижелілігін жүзеге асыруда қолданыстағы сот жүйесіне ішкі мамандандыру енгізілуде. Әсіресе, бұл үрдісті Белоруссия елі қолдануда.

Мәселен, мемлекеттік органның кесірінен туындаған заңсыз шығынды немесе өтемақыны өндіру сияқты мәселелер оңтайлы шешімін табады деген сөз. Айта кету керек, бұл бастама қолға алынса лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне не әрекетсіздіктеріне байланысты мәселелермен құқықтарына нұқсан келтірілген азаматтар барынша жүгінеді деуге негіз бар.

Сонымен қатар, сот шағымы ретінде нормативті мәнге ие мемлекеттік орган не лауазымды тұлғаның шешімдері жатпайтын болады деген ұсыныс қарастырылуда. Сол себепті, әкімшілік сот өндірісін дамытуда сот төрелігінің қолжетімділігін одан да арттырып, әкімшілік әрі құқықтық қарым-қатыснастардан туындайтын дауларды қарастыруда бірыңғай сот тәжірибесін құру қажет.

Шолпан Сеилгазина,

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының бас маман

сот мәжілісінің хатшысы.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation