Сәрсенбі, Шілде 25, 2018
Негізгі > Экономика > Ұлттық буржуазия: Қазақ бизнесменінің алты ережесі

Ұлттық буржуазия: Қазақ бизнесменінің алты ережесі

Ұлттық буржуазия: Қазақ бизнесменінің алты ережесі

Мәмбет Қойгелдінің «Ұлттық элита» кітабында былай дейді: «ХVIII-XIX – ғасырларда отарлық үстемдікке қарсы мемлекеттік тәуелсіздік үшін азаттық қозғалысы ру-тайпа ақсүйектері, сұлтан-төрелері бастап шықты, ХХ- ғасырдың алғашық азақттық үшін қозғалыстың басына ұлт зиялылары мен жаңа ғана қалыптаса бастаған саяси элита келді, сөйтіп оған жаңа мазмұн және серпін берді.» дейді. Әр уақытта белгілі бір сала дейміз бе, буын дейміз бе ерекшеленіп ел үмітін барынша солардың мойына алады. Енді қазіргі жағдайда елдегі мәселеге саяси элита дейік десек, мұнайдың құнының төмендеуі олар елдегі дәл қазіргі экономикадағы тұрақтылыққа кепілдік бере алмайтының көрсетіп қалған сияқты. Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік деңгейде айтылып жатыр. Дамыған елдердегідей орта тап пайыздық деңгейі алпыс-жетпіз пайызға жеткенде қазіргідей мұнайға тәуелділіктен құтылады екенбіз. Дамыған елдерде басым бөлігін шағын, орта және жоғары кәсіппен айналысатын бизнесмендер құрайды. Бізде сол межеге жету үшін кәсіпкерлікке жағдай жасаумыз керегі анық. Ұлттық буржуазия ғана экономикалық тұрақтылық пен өсімге кепілдік болады. Бізде ұлттық буржуазия әлі қалыптасты деуге келмейді. Ол үшін алдымен үйдегі берілетін тәрбиені де өзгертуге тура келіп тұрғанға ұқсайды. Осыған дейін «заңға, экономикаға түс әкім боласың, шенеунік боласың» деген тәрбиені өзгертіп, «Билл Гейтс әлемнің бейнесін өзгерткен бизнесмен, өнертапқыш болса, сен қазақтың бейнесін оң жаққа өзгертетін азамат боласын» деген тәрбие беруден бастау қажет болып тұрған. Қазақ қоғамы үшін бизнесмендердің батыс елдерінедігідей бет бейнесін қалыптасыру қажет-ақ. Оқу бітіргенде әкімдікке, министрлікке жұмысқа тұрамын (аталған мекемелерде онсызда бос орын көп кездеспейді) емес, «ел экономикасына пайдалы болатын бизнес ашып бизнесмен боламын» деп көзқарасты өзгертуден бастау керек. Өткен жылы әлемдегі ең танымал адам сауалнамасы шықты. Нәтижесі келесідей: «ҚазАқпарат» – Британдық «Times» газеті үшін «You.Gov» газеті жүргізген Халықаралық қоғамдық пікір сауалнамасына сәйкес «Microsoft» корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі ең танымал адам болып танылды, деп жазады шетелдік БАҚ. Екінші және үшінші орынға АҚШ және Ресей президенттері Барак Обама мен Владимир Путин жайғасты. Қытайда ҚХР басшысы Си Цзиньпинге қарағанда Билл Гейтске екі есе көп дауыс берген. Көріп отырғанымыздай әлемдегі кейбір осы уақытқа дейін келген біздегі таптауырын болған түсініктер өзгеріп жатыр. Жалпы әлемдегі жетекші буын Билл Гейтс сияқты бизнесмен, әрі интеллектуалды және қайырымдылық жасауда алдарына жан салмайтын адамдар тобы болып тұр. Бізде де алдағы уақытта осы тәріздес бизнес элита шығуы керек. Бізде бизнес элита жоқ емес, бар. Бар болсада жоғарыдағы аталған іскер жандарға сай келе бермейді. Біз мұнай арқылы қолдан Рокфеллер жасай алуымыз мүмкін. Бірақ қолдан Г.Форд, Стиб Джобс және Билл Гейтстерді жасай алмаймыз. Ол үшін тәрбиені өзгерту және оған қолдау жасаудан басталады. Ұлттық буржаузия, бизнес элита, орта тап ел экономикасына тірек болатын буын, тап десек. Олар төмендегідей талаптарға сай келген де ғана мүмкін болады.

Іскер азаматтар образы мынадай төмендегідей алты шартқа сай болуы керек:

  • Бірінші, бизнес идеясы, бизнеспен айналысатын саласы;
  • Екінші, интеллектуалды деңгейі жоғары болуы;
  • Үшінші, «жерұйық» идеясы мен қағидасын ұстануы;
  • Төртіншісі, руханияты биік болуы;
  • Бесіншісі, қайырымдылықпен айналысу;
  • Алтыншысы, Қазақ үшін қызмет етуді, іс қылуды өмірінің бір бөлігі ретінде санауы керек.

 

Бірінші, бизнес идеясы, бизнеспен айналысатын саласы

Кәсіп ашу бизнес идея арқылы басталады. Бизнесте кәсіп саласы қызмет көрсету, сауда, өндіріс болып үшке бөлінеді. Сонынмен қатар, іскер адам үшін батыс елдерінде жарық көріп жатқан іскерлік әдебиеттердегідей белсенділігі, қабілеті, жаңашылдығы, тіл табыса білу қабілеті сияқты қасиеттері керек. Қазақ болғандықтан кейін оның айналысқан кәсіп түрі адал (халал) стандартына сай болғаны орынды.

Екінші, интеллектуалды деңгейі жоғары болуы.

Бизнеспен айналысып, базарда сан жылдар жүрседе, сол бұрынғы деңгейінен әрі аспай жатқандар көптеп кездеседі. Бизнеспен айналысқан адамда интеллектуалды деңгейі жоғары болуы керек. «Бала кезімде менің, расында, армандарым көп болатын, және мен олардың көбі менің көп оқуға деген мүмкіндігімнің болғаны арқасында жүзеге асты деп ойлаймын» Билл Гейтс Интеллектуалы жоғары адам заманның қайда бағыт алғанын шамалап болса да біліп отырады. Интеллектуалды болса оның бойында жаңашылдықпен, ізденісте болады. Интеллектуалы төмен бірақ қолында көп ақшасы болса, өзіне де, елгеде қайыры болуы екі талай.

Үшінші, «жерұйық» идеясы мен қағидасын қатан ұстануы

Орта және ірі компания басқаратын іскер азаматтарда интеллектуалды деңгейі тым жоғары демесекте баршылық. Енді мұндай азаматтарда көп жағдайда Асан Қайғы бабамыздың «жерұйық» идеясы мен қағидасы жетіспей жататын сияқты. Неге дейсіздер ме? Жақында ғана қазақстандықтардың 500 мыңдайының шетелде үйі бар екендігін жариялады. Айтылған санның жартысынан көбі бизнесмендер екендігі анық. Жоғары тап өкілдерінің арасында жартысына жуығы болашағын Қазақ Елімен байланыстырмайтын байқалады. Дәлірек айтқанда алдағы уақытта елдің өміріне қауіп төніп жатса, ұшақтар батысқа бағыт алып, шамамен екі миллионнан аса адам елден кетуі әбден мүмкін. Себебі өзі, әйелі, орта есеппен екі баласы деп қарастырсақ екі миллион адам болып шыға келеді. Осындайда «жерұйық» идеясы дегеніміз Асан бабамыз «өмір бойы мал жайатын жайлау іздеумен кетті» деп бір жақты түсініп қалмауымыз керек. Қазақтың құт берекесін арттыратын уақыт пен кеңістік арасындағы мекенді іздеді. Асан Қайғы бабамыз «жерұйықты» қазақтың жерінен іздеді. Қазақ үшін «жердің жаннаты – жерұйық» қазақтың жерінде ғана. Одан басқа жерде «жер жаннатын табамын» деген ойда болмауы керек. Жоғарыда 500 мын адам шетелде үй бар екендігін айттық. Осы нәрсе жерұйық қағидасына қарсы келеді. Сол шетелдеге асырған ақшаларын қазақтың жерінде, өзінің туған ауылда барып шетелдегіндей қылып ақ вилласын және халыққа арнап бала бақша немесе халық қажеті үшін керек нәрсе салып қойса екі жақта риза болушы еді. Сол арқылы Қазақ Елін «жер жаннаты жерұйыққа» айналдыруына өз үлесін қосқан болар еді.

Төртіншісі, руханияты биік болуы

Бизнеспен, іскер адам үшін өз болашағын өз елімен байланыстырумен бірге Рухани парасатта керек ақ нәрсе. Адам байыған да мастанып, дүниеге мас болып, қызылды-жасыл дүние нәпсінің жетегінде кетуі әбден мүмкін және солайда болатындығы да рас. «Қолда ақша барда қыз-қырғынды қоймай, қырғидай тидік қой. Ал қазір ақша жоқ, үйден әрі аттап баса қоймаймыз» деген сөздерді естіпте жүрміз. Дүниенің байлығы қолға тигенде мол рухани ішкі байлық болмаса, нәпсінің жетегінде кетіп жануардан айырмашылығы жоқ деңгейге де төмендейді екен. Дәуірлеп тұрғандары: «Дүниені арақ, шарап ішіп масайрап,, қыз-қырғынмен рахаттану үшін жинадым» деп осындай түсінікте жүрген бизнесмендер мен азды көпті басшылықта жүргендер де бар. Заманның уақыт кеңістігіндегі қазақ іскер азаматтының образының рухани таразы тұрғысынан да қарауымыз қажет секілді. Соңғы күндері болып жатқан, интернетте барша елдін дүрлігіп жатқан оқиғаға баға берушілер «бұл оқиға еліміздегі шындықты ашып берді» десіп жатыр. Байыған дәулетті жандарда нәпсіні тыйа алатындай рухани ішкі байлығы болмаса, осылай нәсінің қалауымен кетіп, қоғам үшін дағдарысқа алып баратының көрсетіп отырған сияқты.

Бесіншісі, қайырымдылықпен айналысу;

Біздің жанағы айтқан рухани деңгей мәселесі батыс іскер топтары біразында мәселе емес, ақшасы бар болса нәпсіні барынша тояттандыру дұрыс көретін шығар. Ал біз діні, ділі, мәдениеті бөлек елміз. Біз үшін адамдағы рухани деңгейі де маңызды. Бәлки біз аздап болсада рухани деңгейімізде батыс елдерінен алда шығармыз, бірақ қайырымдылық жасаудан арттамыз. Дүниенің нөмірі бірінші байы Билл Гейтс пен әйелі екеуінің қайырымдылық қорына 28 млрд АҚШ долларын бөліпті. Батыс елдеріндегі бизнесмендерде қайырымдылық жасау, олар үшін табиғи заңдылық ретінде қарайды. Елімізде де қайырымдылыққа қаражатын бөліп жүрген іскер азаматтар бар, соған қарамастар өте аз деңгейде деуге болады. Әйтеке би бабамыз айтпақшы «Батыр болып жауына найзан тимесе, Бай болып халқына пайдан тимесе, Елден ала бөтен үйің күйсін» деген екен. Біз Абай жолы романын оқып отырғанда Абайды сабаған Оразбай деген бай бар. Ол кейін өзінің ісінен өкініп, кешірімде сұраған екен. Сол Оразбай Алаш ардақтыларына «Алаш» идеясын ту етіп ұстаған азаматтарға бес жүз жылқысын садақа етіп бере салған екен. Оразбайды Абайға қол көтерген әрекеті үшін жалпы жамандаймыз, надан дейміз. Бірақ сол Оразбай қазіргі байлардан әлде қайда ірі және жомарт болған сияқты. Қазақ іскер азаматының бір бейнесі ол қайырымдылықпен айналысып атымтай жомарт болуы.

Алтыншысы, Қазақ Елі үшін қызмет етуді, іс қылуды өмірінің бір бөлігі ретінде санауы керек

Жоғары жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын қарап отырсақ, олар үлкен арман, мұраттарды мақсат тұтқан дәл соған жетпеседе сонын маңайлаған екен. Әр қазақ баласының ең басты мақсаты осы ел үшін қызмет ету, іс қылу қай салада болмасын сол саланы жоғары деңгейде көтеріп, елге қолыннан келген пайдасын тейгізуді мақсат етіп алу. Бұл талап әрбір қазақ азаматына қойылатын шарт, мүмкін ол басқа салада жүрседе өмірге белгілі бір миссиямен келгендігін түсініп, ел үшін бір кірпіш болып қалануы. Бизнесмен бизнес бастағанда ел үшін болашақта атқаратын арман-мұратты мақсат еткенде ғана елге пайдалы болар еді. Халықта оған тілеулес болар еді. Оны көрген келер ұрпақта солай жақсылықта жарысып, ұрпақтан ұрпаққа жақсы дәстүр қалар еді.

Аталған талаптарға қазіргі таңдағы іскерлік саладағы біраз азаматтар сай келмеуі мүмкін. Азда болса осы талаптарға сай келетін азаматтар да бар. Айтайын дегеніміз, іскерлік мектептер мен стартап жобалары іске қосылып жатыр. Бірі идеясы барларға қолдау жасаса, екіншісі қатысушыларды бизнесмен ретінде қалыптастырып шығуды көздеуде. Көбінесе осы мақаладағы бірінші талапты қойып, қалғандарына мән бермейді. Бизнес идеясы болып, дәулетті магнат бола жатар. Қалған бес талапқа сай келмесе оның іскерлігі қазақ үшін қайырлы бола қоюы екі талай. Осы алты талапты сол жобаға қатысушы немесе жалпы бизнесмендерге қоя білуіміз керек. Ұлттық буржуазия қалыптасуы үшін кем дегенде олардың бойынан осы алты шарт табылғанда ғана мүмкін болады. Ұлттық буржуазия өз еліне қызмет жасайтын топ, жалпы буржуазиядан айырмашылығы осында.

Руслан Ахмағанбетов, Политолог.  

“Қамшы” сілтейді

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation