Бір қаңғыбас өзіне талғажау іздеп жүріп, қоқыс жәшіктің ішінен түймедақ тауып алады да, оның бір күлтесін жұлып, іштей: “Қолыма тандыр нан түссе екен”, – деген арманын айтады. Өзінің бұл қылығына күліп тұрған ол арманы орындалған сәтте қатты қуанады. Дегенмен оның таңданысы ұзаққа созылмайды. Тағдырдың жолдаған сыйын пайдаланып қалу үшін қаңғыбас гүлдің кезекті күлтесін жұлады. Арман артынан арманын айтып, аяқ асты байып кеткен ол арман артынан қуамын деп, өзін тығырыққа тірейді.