“Николай Сванидзенің О.Мандельштамға арналған деректі фильмін (Исторические xроники) алаңсыз көріп жатыр едім. Фильм барысында 1 секундтық қана зу ете қалған мына кадрдағы адамдар көзіме оттай басылды. Өз көзіме өзім сенбей қайта айналдырып қарадым. О, Жасаған, кадрде – Бейімбет, Ілияс пен Сәкеннің тірі бейнесі!
Бейнеxроника 1934 жылы Мәскеуде өткен Жазушылардың бүкілодақтық тұңғыш съезінде түсірілген болу керек. Ол съезге алғаш рет Кеңес Одағына кіретін барлық республикалардан қаламгер-делегаттар шақырылған еді. Біздің елден осы үш арысымыз қатысқанын мына бейнетаспадан анық көруге болады. Жарықтықтар-ай!”
Ақберен Елгезектің ФБ парақшасынан