( Пародия)
«Олар халтурщиктер. « Абай жолы» романын мың жерден тықпаласаңда оқылмайды . Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Т.Әлімқұловтар сурогаттар. Ғ.Мүсірепов хоббиші. М.Мағауин, А.Сүлейменов жазушы емес, ақын Өтежанның “миы айналып” кеткен».- Р .Отарбаев (Әдебиет порталындағы сұхбатынан).
Жақында Ағылшын тіліндегі әлемге тарайтын «Әдептен озбайық» атты халықаралық газетте қазақ жазушысы Бөспебай Кеппебаевтің газеттің тілшісіне берген сұхбаты басылыпты. Бұл сұхбат қазақ әдебиетшілернің қара шаңырағына жәй түскендей астаң- кестеңін шығарды. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деуші еді, жазушы Кеппебаев сын саласында піл сойып, қазақ әдебиетшілерін «қарық» қылды! Біз сол сұхбатты бір нүктесін түсірмей, сіздерге қазақша аударып үсынып отырмыз құрметті оқырмандар!
Тілші: – Бөспебай аға! Естуімізше, сізді осы жылғы Мемлекеттік сыйлыққа ұсыныпты. Сол сыйлықты қай жазушы алады деп ойлайсыз?
Бөспебай: – Әрине мен! «Жалпы, менің алмаған сыйлығым, алмаған атағым жоқ». Бірақ, Отарбаевтің атында Атырауда көл бар екен. Менің атымда әлі көл тұрмақ, көлшік жоқ. Сондықтанда, мемлекеттік сыйлықты Отарбаев алады. Мен жолымды бердім! Басқалардың бәрі “халтурщиктер”,
Тілші: – Баспадан «Бабалар сөзі» атты 100 томдық кітап шыққанын білесіз. Осы бабамыздың асыл қазынасы туралы не айтасыз?
Бөспебай: – (Күледі) Қазақта 100 том болатын есі дұрыс әдебиет жоқ. Сонша шатпырақты қайдан тапқан! Босқа шығын. Одан да менің классикамнан үш том таңдамалымды шығару керек еді. Бірақ, менің шет елде агентім жоқ. Ал, Отарбаев шет елде агенті бар тұңғыш қазақ жазушысы! Сондықтанда, менікін қоя тұрып, Отарбаевтің таңдамалы бес томын шығару керек. Себебі, Отарбаев сол «Бабалар сөзінің» еш кімге керек жоқ екенін, еш кімнің оны оқымайтынын дәлелдеген жазушы. Еңбек соныкі.
Тілші: – Жапондар әр он жылда бір жазушысын әлемдік аренаға шығарады екен. Егер қазақтан да бір жазушыны әлемдік аренаға шығаратын күн туса, кімді шығару керек?
Бөспебай: – Әрине мені! Бірақ, Отарбаев өзі айтқандай , ол ерте өліп кетсе, онымен бірге қазақтың сан ғасырлар жинаған, «айшықты, көркем тілі бірге өледі». Сондықтанда тіліміз үшін оның көп жасауына бар күшімізді салуымыз керек. «Ол қазақтың сөзін қойдай өргізетін адам. Таңқалмаңыз, ана тіліміздің шұрайлы тіркестерін топтастырып бір қораға қамап жүрген де» жалғыз Отарбаев! Басқа жазушылар мен ақындар «хоббишылар мен сурогаттар». Тек Отарбаев әлемдік аренаға шығуға лайық. Одан кейін мен!
Тілші:– Қазақ поэзиясында түрлі себептермен ұлы ақын болайын деп, бола алмай қалған кімді атар едіңіз?
Бөспебай: – Әрине мені! Бірақ, қазақ поэзиясында ондай таланттар көп болған. Солардың ішіндегі ең ұлы ақын болатыны Отарбаев еді. Рахымжанның обалына әлгі орта қол ақын сымақ Тұманбай Молдағалиев деген біреу қалыпты. Жас ақын керемет бір өлең жазып, ол өлең ақын біткенді таңқалдырыпты. Содан өзінен өзып кетеме деген қызғанышпен Тұманбай жас ақынды тауып алып: – Сен бала өлең жазғаныңды доғар! Мына түріңмен бізді жұмыссыз қалдырасың. Сен прозаға бар. Ондағы Ғабит Мүсірепов бастаған, Тәкен Әлімқұлов қостағандар жазушы емес- «хоббишілер». Әбіш Кекілбаев бастаған, Оралхан Бөкеев қостағандар кәсіби жазушылар емес, «орыстар мен Европаның сурогаттары». Сен соларға жол көрсет- деп, оны поэзиядан қуып жібереді. Міне, ұлы ақын болайын деп, болмай қалғандардың ең атақтысы ол- Отарбаев! Одан кейін мен!
Тілші: – Қазақ жыраулары туралы не айтасыз? Олардың жырларының ұрпаққа қажеті бар ма?
Боспебай: – (Күледі) Қажеті шамалы, жоқ десе де болады. Қазіргі кезде жырауларды қайта- қайта бастырып керек жоқ. Бәрі бір оны еш кім оқымайды. Сен өзің орта қол Абай деген ақынды оқыдың ба?
Тілші: – Ия, сондай бір ақын бар деп естігем…
Бөспебай: Естісең, сол Абай : – Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Өлеңі бірі- жамау, бір құрау- деген. Сол замандағы университетте оқымаған қараңғы байдың баласы Абайға ұнамаған жыраулар, қазіргі супер заманның жастарына қалай ұнайды?! Міне мектеп үш тілге көшті! Қазақ тілін шала білетін «шала қазақтарға» жыраулар не керек! Жырауларды жыр қылмай, қазақ тілінің тағдырын ойлап жылау керек! Жырауларды бастырғанша, сол жыраулардың жырларын қазақтың оқымайтынын дәлелдеп шыққан Отарбаевтің кітаптарын бастыру керек! Одан кейін менің асыл қазыналарымды бағалау керек!
Тілші: – Қазақ әдебиетінде «бір ауыз сөзі әлемге қажет болған» классик жазушы бар ма? Бар болса ол кім?
Бөспебай: – Әрине мен! Бірақ, Отарбаев мененде танымал. Әлемдегі бір елде бір адам қазақ деген халықты, Абай деген ақынды, Әуезов деген жазушыны мүлде білмейді. Ал, Отарбаев пен мені жақсы біледі. Біз дүниені түгел араладық. Бірақ, мені Африкадағы Кафр, Сиям деген екі жабайы тайпалар білмейді екен. Ал, олар Отарбаевті керемет біледі. Себебі, олар Отарбаевтің драмаларын ойнап, кітаптарын жастанып оқыйды екен.
Ал, енді әлем білетін қазақта классик жазушы барма деген сұрағыңа келсек, әзірше Отарбаев екеумізден басқа қазақ тарихында әлем білетін не ақын, не жазушы болған емес! Жуық ғасырларда болмайды да!
Тілші: – Абай мен Әуезовті әлем біледі – деп, қазақтардың мақтанғаны өтірік болды ма?
Бөспебаев: – (Күледі) Әрине өтірік. Жалпы қазақ деген бөспе халық қой. Өз басым бөсіп сөйлеген жазушыларды иттің етінен жек көрем. Ондай бөспелер біздің одақта баршылық. Ал, енді Абай мен Әуезовке келсек, Абай бай- шонжардың баласы, көп әйел алып басы қатып, қолы босаса той- томалақта жүріп, қай бір классикалық өлең жазды дейсің.
Ал, Әуезов сол Абайдың той- томалақ, жиын- тобырға, дау- дамайға барғанын төрт том етіп жазған көп сөйлейтін жазушы. Сондай үлкен кітапті кім оқыйды. «Абай жолын» «қанша тықпаласаңда енді еш кім оқымайды».
Керемет деген Мүсірепов «хоббиші»- әуесқой жазушы. Жер көкке сыйғызбайтын Кекілбев пен Оралхан Бөкейің «орыс пен Европаның сурогаттары». М.Мағауин, А.Сүлейменов жазушы емес. Ақын Өтежаның «миы айналып кеткен».
Сөздің қысқасы, «өттері жарылып кетсе де айтайын», «әлемге керекті бір ауыз сөз қалдырған» қазақта менен басқа классик жазушы жоқ!
Бірақ, Отарбаев менен бұрын қазақта классик жазушы жоқ екенін дәлелдеген ұлы тұлға! Сондықтан да Отарбаев қазақтың тұңғыш әлемдік классик жазушысы! Одан кейінгі мен- Бөспебай Кеппебаев!
Тілші: – Бөсеке! Сіз Отарбаевке қарағанда әлде қайда белгілі жазушысыз. Солай бола тұра неге Отарбаевты бірінші атап, өзіңізді екіншіге қоясыз. Бұл әдептіліктен бе? Әлде…
Бөспебай: – Сөзіңді бөлейін, шонжардың баласы орта қол ақын Абайды естідім – дедің. Сол Абай : – Әдептен озбайын, Көп сөйлеп созбайын- деген екен. Менде көпке созбайын, Отарбаевті бірінші қоюым әрине әдептіліктен.
Әйтпесе, Отарбаев «аспаннан аяғы салбырап түскен жоқ», сол әлгі «хоббишылар мен сурогаттардың» бел ортасындағы жазғыштардың бірі- ғой. Ол жазушы емес. «Ашу мен кек буған жаман адам», Мен кім! Отарбаев кім! Мен ол- мен!
Тілші: – Бөспебай аға! Сұңғұла сұхпатыңызға рахмет! Менмендігііңіз арта берсін!
Ағылшын тілінен аударған- Аймұханбет Бейсембеков