Елбасы өзбектің марқұм болған президенті Кәрімовтың қабіріне барып гүл қойып, ата дәстүріміз бен шариғатқа сай қол жайып, құран оқып дұға тіледі. Бұл ісімен ол – талай ауытқып жүрген теріс пиғылды жандарға үлгі көрсетті. Әсіресе діни тұрғыда қуып жүргендерге үлкен сабақ болды! Жер мәселесіне қатысты шу шыққанда “патшаға қарсы шығуға болмайды” деп ұран көтерген бауырлар енді, осы мәселеде де сол ұрандарыңызда бек боларсыздар деп сенемін! Марқұмның артынан құран оқып, қол жайып дұға тілеу ізгі амал болып табылады. Құрбан айт қабыл, иман кәміл болсын!
Ерлан Рысқалидың “ФБ” парақшасынан