БҰҰ Бас Ассамблеясы Португалияның бұрыңғы премьер-министрі 67 жастағы Гуттеришті 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымын қатарынан екі мерзім басқарып келген 72 жастағы Пан Ги Мунмен алмастырады,-деп хабарлайды Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
БҰҰ басшысын таңдау процесі шілде айының соңында басталған. Әуелде аталмыш лауазымға 13 адам бақ таластырды, оның жетеуі – әйелдер. Жабық түрдегі дауыс берудің барлығы 7 кезеңі өтті. Олардың барысында Гуттериш жалғыз үміткер болып қалды. Жаңа Бас хатшы екінші мерзімге қайта ұсынылу құқығымен 5 жылға сайланды.
Ол 1949 жылы Лиссабонда дүниеге келген. Гуттериш Португалия үкіметін 1995-2002 жылдар аралығында басқарған. 2005-2016 жылдар кезеңінде Гуттериш БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарды.