Сәрсенбі, Қараша 29, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Төлебиде 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды

Төлебиде 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды

Төлеби ауданы Ленгер қаласы 1 шағын ауданында «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 көпқабатты тұрғын үй құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ленгер қаласынан бой көтеріп жатқан бес қабатты 8 үйдің әрбірі 60 пәтерден тұрады. Бүгінге дейін аталған баспаналардың мердігерлері мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелері анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда нысандар құрылысын жүргізу үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан рұқсат қағаз алынып, үйлердің жер қазу жұмыстарының қайта нығыздау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталып, қыркүйек айына қарай пайдалануға берілмекші.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation