Америкалықтар президенттік сайлау мен Дональд Трамптың мемлекет басшысы болып сайлануын 2016 жылдың басты оқиғасы деп атады. Мұндай пікірді АҚШ тұрғындарының төрттен үш бөлігі айтқан, деп хабарлады Gazeta.ru .
Ең басты жаңалықтар бойынша екінші орында Орландодағы жаппай кісі өлтіру мен Бельгия, Түркия, Пәкістан және Франциядағы лаңкестік актілерді атаған. Бұл оқиғаларды сауалнамаға қатысқандардың 63% маңызды деп атаған. Қатысушылардың тең жартысы (51%) полиция қолынан қаза тапқан жандар мен үш штаттағы полицияға шабуылды маңызды оқиға деп атады. Сауалнамаға сәйкес, төртінші орынды Зика вирусының таралуы туралы хабарлама алған. Бұл оқиғаны америкалықтардың 43% еске алды.