Сенбі, Қыркүйек 1, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Қазақстанның халық әртісі Хабиба Елебекова дүние салды

Қазақстанның халық әртісі Хабиба Елебекова дүние салды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 100 жасында дүние салды, деп хабарлайды zheruiyq.kz.

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова – 1916 жылы 16 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген.

1934 – 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген.

1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса.

1935 – 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі – Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» спектаклінде Қарагөз рөлі. Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің «Абайындағы» Қанікей, Ұлжан, «Қарақыпшақ Қобыландыдағы» Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуындағы» Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің «Амангелдісіндегі» Қырмызы, Б.Майлиннің «Майданындағы» Мамық, Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуіндегі» Айғаным, Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланындағы» Айнаш және т.б.

Сондай-ақ, Елебекова – белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы «Үні кетпес құлақтан» (1981), «Ән-Аманат» (1989), «Қайран Жүсекем» (1998) кітаптарының авторы.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation